Наурызда ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

Қазақстанда наурыз айы жылы болады. Бірақ кейбір өңірде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде күн жылынғанымен, қар да жауатынын, жаңбыр және екпінді жел болатынын болжайды.

Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары

Болжам бойынша, еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын орташа деңгейден көп болады деп күтілуде.

Тек Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және кейбір басқа облыстарда көрсеткіш төменірек болуы мүмкін.

Солтүстікте негізінен қар жауса, батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен аралас жылбысқы қар түседі. Кей жерлерде нөсер жауын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Аяз бен жылымық алмасатын тұрақсыз ауа райы

Наурыздың алғашқы жартысы суық пен жылы күндердің кезектесуімен сипатталады.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда боран мен қар жауып, қысқы ауа райы сақталады, алайда кей күндері көктемгі жылымық байқалады.

Аймақтар бойынша температуралық ауытқулар

Облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°C-қа жоғары, ал оңтүстік-шығыста норма шамасында болады.

  • Солтүстік пен Орталықта: түнде -3…-25 °C, күндіз 0…+13 °C аралығында өзгереді.
  • Оңтүстікте: күндіз кей жерлерде термометр бағаны +27 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін, бірақ қысқа мерзімді суық толқындары да болады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.