Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

16 маусым күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесінің және Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен «Наурызбай Fest» атты ауқымды мерекелік фестиваль өткізілді.

Мерекелік шара Наурызбай ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін ашық форматта ұйымдастырылып, үлкендер мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Фестивальдің негізгі мақсаты — балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді өмір салтын насихаттау және демалыс орталықтарының жұмысын кеңінен таныстыру болды.

Фестиваль аясында демалыс орталықтарына қатысушы балалар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, түрлі өнер түрлері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сахнада өз дарынын көрсеткен жас өнерпаздар мен олардың ұстаздары көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Шара барысында демалыс орталықтарының оқытушылары аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — олардың еңбегіне берілген әділ баға мен рухани қолдаудың белгісі.

«Наурызбай Fest» — тек мереке ғана емес, ауданның мәдени өмірінің жандануына серпін беретін маңызды оқиға. Іс-шара Наурызбай ауданындағы демалыс орталықтарының балалар мен жасөспірімдерге бағытталған тәрбие және мәдени жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл фестивальді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...