12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Наурыз ұлт дәстүрін жаңғыртады

Ұлтты өзгелерден ерекшелейтін, ұлт ретінде даралайтын – ұлттық салт-дәстүрі, болмыс-бітімі. Қазақтың қазақтығын көрсететін жүйрік ат, қыран бүркіттің мемлекеттік рәміздерден көрініс табуы ұлт менталитетін ұлықтаудың белгісі болса керек. Тарихты түгендеп, рухани болмысымызды танытуда Наурыз мерекесінің маңызы зор. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев осы жылдың басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында атап өтті.

 «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін» — деген еді Мемлекет басшысы осы ретте.

Расында бұған дейін Ұлыстың ұлы күні өз деңгейінде аталып өтілмейді деген пікірлер жиі айтылатын. Бірақ, мемлекетте Наурыз мерекесінің маңызын арттырып, мазмұнын айшықтауға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге арнайы үш күннің белгіленіп, оның күнтізбеде демалыс күні ретінде белгіленуінің өзі халықтың көңіл-күйіне ықпал етері даусыз. Бұған қоса, Президент тапсырмасынан кейін бұрын еліміздің батыс өңіріндегі халық арнайы атап өткен Көрісу күнін жалпыұлттық сипаттағы мерекеге айналдыру бағытында оң іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Бұдан бөлек күні кеше Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Ұлыстың ұлы күнін жаңаша тойлаудың соны бағдарламасын көпшілікке таныстырды. Осы бағдарламаға сай, Наурыз мейрамы 10 күндік кестеге сәйкес атап өтілмек.

 «Наурызнама» деген ортақ атау алған бұл мерекелік шара барысында әр күнді мерекелеудің тарихы, танымдық маңызы көрсетілген. Мәселен, 14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі деп белгіленген. Онда бір жылды артта қалдырып, жаңа жылға аман-есен қадам жасадық, жаңа жасқа толдық деген ырыммен халық көрісіп, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Осы күні жақсы тілек, данагөй бата айтудан жарыс ұйымдастырылып, қазақтың шешендік өнері, тіл байлығы дәріптелмек.

Ал 15 наурыз – «Қайырымдылық күнінде» жеке азаматтардан бастап, сот ұжымдарына дейін қайырымды істерге бастамашы болып, көмек сұраған, жәрдем күткен жандарға көмек беруді мақсат тұтады.

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» ретінде атап өтіледі. Бұл күні қазақтың салт-дәстүрін, жоралғылары мен мәдени мұраларын жаңғыртуға мүмкіндік беріледі. 17 наурыз – «Шаңырақ күнінде» отбасылық құндылықтар насихатталса, 18 наурыз – Ұлттық киім күнінде барша халық қазақы үлгіде, жаңаша әдіспен тігілген сәнді ұлттық киімдер киіп, төл мәдениетімізді өзгелерге паш етеді.

19 наурыз – Жаңару күнінде қазақтың ұмытыла бастаған салт-дәстүрін таныстыруға, насихаттауға көңіл бөлініп, 20 наурыз – Ұлттық спорт күнінде әр аймақ тоғызқұмалақ, асық, теңге ілу, көкпар, аударыспақ, қыз қуу секілді ұлттық спорт ойындарынан үздіктерді анықтауға күш салады.

21 наурыз – Ынтымақ күнінде халықтың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын шаралар қолға алынса,  22 наурыз – Жыл басында бүкіл аймақ Ұлыстың ұлы күнін зор салтанатпен қарсы алады. Ал 23 наурыз – Тазару күнінде халық өз ауласынан бастап, айналасындағы көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға белсене кіріседі.

Осылайша бұдан былай Наурызнама тек Наурыз мерекесін ұлықтап қоймай, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртудың, халықтың бірлігі мен татулығын нығайтудың көзіне айналмақ. Ұлыстың ұлы күнінің бұл тойлануы мемлекет үшін де, азаматтар үшін де тиімді.

Гүлжан Имансерикова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...