12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Наурыз мейрамының дәстүрлері

Наурыз мерекесі халқымыздың салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Бұл күні көптеген ғұрыптар мен рәсімдер атқарылады:

Наурыз көже дайындау – мейрамның басты тағамы болып саналады. Ол жеті түрлі дәмнен жасалады: су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүт өнімдері. Бұл тағам тоқшылық пен молшылықтың символы.

Тілектер мен бата беру – ақсақалдар жастарға ақ жол тілеп, береке-бірлікке шақыратын бата береді.

Көрісу дәстүрі – адамдар бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, жаңа жылда аман-есен кездескеніне шүкіршілік етеді.

Табиғатты тазарту – адамдар үйін, қора-қопсысын тазалап, айналасын ретке келтіреді. Бұл – жаңарудың, тазалықтың белгісі.

Ұлттық ойындар – Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Асық ату, көкпар, бәйге, қыз қуу сияқты ойындар мерекенің сәнін келтіреді.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің айнасы. Бұл күнді атап өту арқылы халық өз тамырынан алыстамай, ұлттық құндылықтарын дәріптейді. Бейбітшілік пен берекені, жаңару мен жақсылықты білдіретін бұл мейрам әрбір шаңыраққа шаттық пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

                                                         мамандандырылған ауданаралық

                                                                        соты әкімшісінің бас маманы А.Дайыркен

Сот жүйесінің маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ететін...

Кибербуллинг және жастар арасындағы агрессивті мінез құлық

Кибербуллинг деген не? Ол туралы қандай пікірлер бар? Кибербуллингпен...

КӘСІБІНЕ АДАЛ АЗАМАТ

Қазақ журналистикасында ерекше еңбекқорлығымен, өткір ойымен, азаматтық ұстанымымен дараланған...

Подписан трехсторонний меморандум

Заместитель руководителя департамента Судебной Администрации по ЗападноКазахстанской области Қ....

Новая страница великой истории

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров обратился к жителям региона,...