Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде Заң клиникасы кеңсесі ашылды


Бүгін Алматыда Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде Заң клиникасы кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтуде.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет”, – деп атап өткен болатын. Осыған орай, Нархоз университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебі базасында Заң клиникасы кеңсесінің ашылу салтанатын өткізіп отыр.


Шара барысында Нархоз Университеті және Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы, Республикалық адвокаттар алқасы, Алматы адвокаттар алқасы, Алматы облыстық адвокаттар алқасы, «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады.


Заң клиникасы – құқықтану саласындағы студенттердің заңгерлік көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрылған әлеуметтік жоба. Жоба аясында студенттерге, ата-аналарға, қала тұрғындарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының құқықтық нормаларын шешу мен қолданудың өзекті мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер беріледі.
Шараға сот және заң тәжірибесінің, нотариаттық және адвокаттық қызметтің жетекші өкілдері, БАҚ өкілдері мен медиа мамандары, студенттер, магистранттар мен PhD докторанттар қатысып жатыр.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...