12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нархоз университетінде жасанды интеллект пен үлкен деректерге арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы Нархоз университетінде «Цифрлық трансформация: құқық, басқару және халықаралық қатынастар салаларында жасанды интеллект пен үлкен деректердің рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара аясында Жапония, Польша, Дания, Түркия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен мемлекеттік билік өкілдері, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес құрылымдар мен академиялық орта мамандары бас қосты.

Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының №16 Тұрақты даму мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында және «Үлкен деректердің құқықтық режимін реттеу мәселелері: ұлттық және халықаралық тәжірибе» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — цифрлық дәуірдегі құқық, мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар салаларындағы трансформациялық процестерді ғылыми негізде сараптау, жасанды интеллект пен Big Data-ның ықпалын талқылау.

Пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, ҚР Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев және Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахмет қатысып, конференцияның мәні мен маңызын атап өтті. Олар цифрлық құқық саласында халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігіне тоқталды.

Конференцияда Токио халықаралық университетінің профессоры Кристофер Ламонт «Governing Artificial Intelligence: Three Images of Artificial Intelligence in International Relations» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық қатынастардағы ЖИ-дің үш түрлі бейнесін ұсынды. Сонымен қатар, академик Алмаз Шарман жасанды интеллекттің адам өміріне ықпалын кеңінен түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде ЖИ-дің қазіргі уақытта қарқынды дамып жатқанын, әсіресе медицина саласында үлкен мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті. Мәселен, күрделі диагноз қою, жеке емдеу жоспарын әзірлеу, созылмалы аурулардың алдын алу және пациенттермен қашықтан жұмыс істеу сынды бағыттарда ЖИ технологияларын тиімді пайдалануға болады. Оның айтуынша, мұндай жаңашылдықтар денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді әрі сапалы етуге мүмкіндік береді.Варшава университетінің профессоры Ярослав Турылковский қазіргі құқықтық кеңістікте ЖИ-дің орны туралы өз ойымен бөліссе, Астанадан онлайн қосылған профессор Муслим Хасенов еңбек құқығы мен халықаралық стандарттар аясында баяндама жасады.

Конференция аясында үш бағыт бойынша дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды: цифрлық трансформация дәуіріндегі құқық, мемлекеттік басқарудың трансформациясы, халықаралық және ішкі саяси процестердегі жасанды интеллект пен үлкен деректердің ықпалы. Әрбір отырыста цифрлық технологиялармен байланысты адам құқықтары, деректердің қауіпсіздігі, климаттың тұрақтылығы, цифрлық ізді құқықтық реттеу және заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар нақты ұсыныстар қабылдады. Олар жасанды интеллект пен үлкен деректерді құқықтық реттеудегі сын-қатерлерді анықтап, ұлттық заңнамаларды үйлестіру, ғылыми зерттеулерді қолдау, университеттер мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату, ЖИ технологияларын жауапты әрі қауіпсіз қолдануға қатысты ұсыныстарды қамтыды. Конференция жұмысына заңгерлер, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, шетелдік сарапшылар мен зерттеушілер белсене қатысты. Конференция қорытындысы бойынша арнайы мақалалар жинағы жарық көреді деп жоспарланған.

Бұл конференция Нархоз университетінің цифрлық трансформация саласындағы ғылыми және практикалық бастамаларды қолдау жолындағы маңызды қадамдарының бірі болды. Іс-шара цифрлық технологияларды тиімді әрі әділетті пайдалану мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық деңгейде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға сеп болды.

Соблюдение досудебного урегулирования спора

Досудебное урегулирование споров необходимо понимать как закрепление в договоре...

Дариға Назарбаева “Астана Опера“ театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАР?

Зауре ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының судьясы Қазақстан...

Сохранить единство, сберечь мир

В Акмолинской области к юбилею Ассамблеи народ Казахстана запланировано...

Қақпа алдындағы кездесу

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...