Нархоз университеті Заң клиникасы аясында тегін құқықтық көмек көрсету тәжірибесі

Қазіргі қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі. Көп жағдайда  құқықтық мәселеге тап болған азаматтар заң талаптарын толық білмегендіктен немесе қажетті кеңес ала алмағандықтан қиындықтарға кезігеді. Осы орайда Нархоз университеті жанындағы заң клиникасы «Заң мен тәртіп» аясында Бостандық ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы базасында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру шарасын ұйымдастырды.Бұл бастаманың басты мақсаты-тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың заңға қатысты білімін арттыру және оларға қажетті кеңестер беру. Заң клиникасының тәжірибелі оқытушылары азаматтарды қабылдап, түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес ұсынды.Қабылдауға келген азаматтарды көбіне мұрагерлік рәсімдеу, алимент өндіру, еңбек қатынастарына байланысты даулар, жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеу, атқарушылық өндіріс және нотариат саласына қатысты сұрақтар қызықтырды. Заң клиникасының қызметкерлері әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Құқықтық кеңес беру шаралары халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізілуі тұрғындар үшін өте қолайлы. Себебі азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу барысында өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша да кәсіби кеңес алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл шара болашақ заңгерлер үшін де маңызды тәжірибе алаңы болып табылады. Заң клиникасында білім алып жүрген студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, нақты құқықтық мәселелерді талдау арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін мұндай жұмыстар олардың жауапкершілігін арттырып, құқық саласындағы біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жалпы алғанда, Нархоз университеті жанындағы заң клиникасының Бостандық ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы базасында өткізген тегін заң көмегі шарасы қоғам үшін маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі. Мұндай жобалар азаматтардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, қоғамда заң үстемдігін нығайтуға және құқықтық мәдениетті дамытуға өз үлесін қосады.

Әділғазы С. Нархоз университеті құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылғанпрофессоры, PhD докторы

Мухамадиева Г.Н. Нархоз университеті құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, з.ғ.к.

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІ

Бүгінгі таңда Қазақстанда жас буынды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту...

МОДЕРНИЗАЦИЯ ДЧС ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ВСТРЕЧИ АКИМА ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ БЕЙБИТА ИСАБАЕВА...

НОВОЕ ДИППРЕДСТАВИТЕЛЬСТВО

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ ОТКРЫТИЯ ПОЧЕТНОГО КОНСУЛЬСТВА КОРОЛЕВСТВА БЕЛЬГИИ СОСТОЯЛАСЬ В...

О НОВОЙ КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ

Предложение обновленного проекта Конституции для общественного обсуждения отражает стремление...

УГОЛОВНОЕ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ БИЗНЕСА НА КОНТРОЛЕ

В Восточно-Казахстанской области состоялось заседание межведомственной рабочей группы по...