12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына атқарылған жұмыстар туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 3463, оның ішінен 2655 ауыл тұрғындары.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 4951 (тұрақты жұмыспен -1774; қоғамдық жұмысқа-1143; жол картасы аясында-557 жастар тәжірибесі бойынша-330; мемлекеттік грант-587; бастау бизнеске-242; әлеуметтік жұмыс орындарына-140; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-131; шағын несие алғандар-47;)
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
2020 жылы кешенді жоспар бойынша 131 азаматқа қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланған, бөлінген қаржы 27 013,0 мың. теңге. Бүгіңгі күнге толық 131 азамат Тараз қаласына оқуға жолданды, атап айтқанда:
«Бағыт-Тараз»ЖШС ( жүк көлік жүргізушісі – 11 адам, тырнақ шебері – 15, дәнекерлеуші – 15, слесарь -15)
«Эльба» ЖШС (аспазшы – 15 адам)
«Агрони» ЖШС (наубайшы -15 адам, тігінші – 15)
«Эко Блок» ЖШС (шаштараз -15 адам)
«Әулие-Ата» ЖШС (массажист – 15 адам)
Оқуға жолданғандардың ішінен 131 азамат оқу орнын аяқтады, 126 азамат жұмысқа орналасты. 5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша : 2020 жылы ауылға 32 азаматқа 94 800,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланып бүгінгі таңға 47 адам несие алды (2 азамат 2019 жылғы қаржы есебінен). Игерілген қаржы – 199 350,0 мың теңге.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарға сәйкес 587 адамға берілді. Қаралған қаржы 320,3 мың теңге. Бүгінгі күнге қаралған қаржы толығымен игерілген.
Оның ішінде 50 азамат Салық органдарына тіркелген және 537 азамат Бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 80 адамды жолдау жоспарланған, бүгінгі күнге жолданғаны – 140 адам. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 140, тұрақты жұмысқа 133 адам қамтылған 88,5%.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 240 адам. Бүгінгі күнге жолданғаны – 330 адам. Жастар практикасын аяқтағандар 330, оның ішінен тұрақты жұмыспен 316 адам қамтылған 96% .
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға Жоспарланған адам саны 947, жолданғаны 1 143 адам. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда 24 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша 980 жұмыс орнын құру және халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 490 адамды жұмысқа жолдау жоспарланған. Бүгінгі күнге 989 жұмыс орны ашылып, оның ішінен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 557 адам жолданды және 433 жұмыс орындарына жұмыс беруші (мердігер) тарапынан қабылданды.

Құрылған жұмыс орындарының саны жоспар бойынша 1127, орындалуы 2105 186,8%

2020 жылдың қорытындысы бойынша жыл басынан 13 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 3102 азамат қатысып, оның ішінде 2819 азамат белсенді шараларға қамтылды.
Атап айтқанда: (тұрақты жұмыспен -1488, қоғамдық жұмысқа-562, жол картасы аясында-557, жастар тәжірибесі- 102, әлеуметтік жұмыс орныдарына-79, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 31).Қалған азаматтарға қажетті кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...