12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұрсерік ШӘРІПОВ, Қарағанды облыстық сотының төрағасы:«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ – ЖАҢА БАСТАМАЛАР ЖАРШЫСЫ»

– Әлемді алаңдатқан індет сот жұмысына да әсерін тигізбей қалмады. Төтенше жағдай енгізілгелі бері сот процестері онлайн режимінде өтіп, талап-арыздар «Сот кабинеті» сервисі арқылы қабылдануда. Қарағандылық соттарға жаңа жұмыс ырғағына көшу қиындық келтіріп жатқан жоқ па?
– Төтенше жағдай елдің амандығын, азаматтардың денсаулығын сақтау үшін енгізілді. Осындай сындарлы сәтте сот жұмысын жаңа талапқа, карантин режиміне бейімдеу қажеттілігі туындады. Сот процестерін өз уақытында, өз деңгейінде, бұрынғы сападан бір мысқал кем түспейтіндей қарау үшін не істеу керек? Біріншіден, істерді онлайн қарауды тыңғылықты ұйымдастыру қажет болды. Екіншіден, процестердің онлайн қаралатынынан халықты құлағдар ету күн тәртібінде тұрды. Үшіншіден, тараптарға онлайн процестерге қатысудың тәртібін, тиімділігін түсіндіру маңызды болды. Осы үш сатыдан тұратын міндеттерді Жоғарғы Сот үлкен жауапкершілікпен атқарды. Соның нәтижесінде істерді қарауда ешқандай кедергі, қиындық
орын алған жоқ. Мұндай жұмыстың іркіліссіз жүзеге асуы ұжымның бірлігіне, біліктілігіне, белсенділігіне де тәуелді. Шын мәнінде Фемида қызметкерлері сындарлы сәтте «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білді. Түсіндіру жұмыстары тыңғылықты жүргізілгендіктен, азаматтарда басы артық сұрақ, күмән болмады. Оның үстіне, талапарыздардың «Сот кабинеті» сервисі арқылы қабылданып, сот отырыстарының толықтай дыбыс-бейне құрылғыларына жазылатынына, шалғайдағы куәларды сот залына шақырмай-ақ, қашықтан жауап алуға болатынына халықтың көзі әбден үйренген. Егер де байланыстың сапасы жақсы болса, сізді бәрі естіп отырса, сіз сотты естіп, көріп отырсаңыз, залдағы көрініс таспаға жазылып жатса, ойды айтып, дәлелді келтіруге кедергі болмаса, онлайн отырысқа ешкімнің өкпесі болмайды. Судья таразы басын тең ұстап, тараптардың сотта тыңдалу құқығына кепілдік береді. Істерді осындай тәртіппен қарадық. Басында заңға сүйене отырып кейбір істерді тоқтамға алмақ болғанбыз. Мерзімі біткен, аяқталып қалған жиырма шақты істі тоқтамға алдық. Оның өзі де азаматтық істер ғана. Карантин кезінде қылмыстық, әкімшілік істің бір де бірін тоқтамға алған жоқпыз. Төтенше жағдай енгізілген жетпіс сегіз күн ішінде біз оналты мыңнан астам сот
мәжілісін өткіздік.
– Төтенше жағдай алынғалы «Сот отырыстары қашан қалыпты режимде өтеді?» деп сұрайтындар көбейді. Шынымен, сот мәжіліс залдары қашан халыққа есігін ашады?
– Мұндай шара бекерден-бекер қолға алынып отырған жоқ. Мемлекет үшін азаматтардың қауіпсіздігі,
амандығы маңызды. Ал, еліміздің санитарлық дәрігері «жағдай оңалды, азаматтарға ешқандай қауіп жоқ»
десе, істерді қалыпты режимде қарауға біз әзірміз. Дегенмен, әрбір жаңашылдықтың жағымды жағын, ілкімді тұстарын іздейтін әдетіміз бар. Сонда байқағанымыз, заманауи технологияның игілікті жақтары аз емес. Осы арқылы шағын жиындарды облыс орталығына қызметкерлерді жинамай-ақ өткізуге, маңызды мәселелерді жедел талқылауға, сараптауға болатынына көзіміз жетті. Онлайн-отырыстар тараптар үшін де тиімді. Сот ғимаратына келу үшін уақыт керек, қаржы қажет. Ал, қазіргі жағдайда қолыңда интернетке қосылған смартфон, ноутбук болса жеткілікті. Сондықтан, карантиндік шектеулер алынған күннің өзінде
қашықтан жұмыс істеудің тиімді тұстары әлі де қажетімізге жарайды деген ойдамын.
– Төтенше жағдай кезінде арызшағымдар азайған жоқ па? Соттардың «Соттасатын кез емес, татуласатын кез!» деген ұстаныммен халыққа үндеу жасағанын көзіміз шалып еді. Нәтиже болды ма?
– Қазақ табиғатынан кешірімге көнімді, мәмілеге келгенді құптайтын халық. Бітімгершілік біздің қанымызда
бар. Сондықтан, даукестікті азайтып, бейбіт келісімдерді көбейту бойынша соңғы жылдары тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Ал, пандемия етектен тартып, індет асқынып тұрған кезде елдің дауласқаннан гөрі, татулықты сақтауы бұрынғыдан да маңызды. Өзі аз халықтың болмашы нәрсені сылтау етіп, бір-бірімен соттасып жүруі жақсылықтың нышаны емес. Төтенше жағдай кезінде осыны халықтың назарына салдық. Әлеуметтік желілер арқылы осындай үндеуді мен де облыс тұрғындарына, заңгерлерге, мемлекеттік органдарға жолдадым. Елді ашумен емес, ақылмен шешім қабылдауға шақырдық. Нәтижесі жақсы. Пандемия кезінде сотқа жүгіну кәдімгідей азайды.
– Тараптар татуласуға, бірін-бірі кешіруге қаншалықты ынталы?
– Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның бірі – «Татуласу: сотқа дейін, сотта». Жоба аясында қаншама іс-шаралар қолға алынды. Медиация кабинеттері ашылды, Билер кеңесі құрылды, судья-медиаторлар тәжірибеге енгізілді, адвокаттардың тараптарды татуластыруына мүмкіндік берілді. Бұрын біздің өңірде
Билер кеңесі жоқ еді. Аудан-ауданды аралап жүріп, алдымен кеңестің маңызын түсіндірдік. Бірінші
болып Қарқаралы ауданында, кейін Ұлытау ауданында, Бұқар жырауда, Ақтоғайда, Шет ауданында Билер кеңесі құрылды. Одан кейін барлық өңірге таралды. Ел сыйлайтын, сөзін жұртқа тыңдата алатын, айналасын ұйыта білетін азаматтарды топтастырғанда ғана кеңестің беделі артады. Сөзінің қадірі болады. Біз осыған мән бердік. Билер кеңесінің міндеті – дауласқан тараптарды татуластырумен шектелмеуі керек. Олар жақсылықты, татулықты жарнамалауы керек. Елді ортақ тәртіпті сақтауға, ауызбіршілікке үндегені дұрыс. Отбасылық құндылыққа, тәрбиеге көңіл аудару маңызды. Сонда тараптардың арасына түсіп, татуластырудың да қажеттілігі болмайды. Қазір Билер кеңесі ажырасқандарды жарастырып, некесі бұзылғандардың
мүлік дауын шешуге көп көмегін тигізуде. Халықты ынтымаққа ұйытатын, бірлікке шақыратын амалдардың бәрін пайдалануымыз керек. Соны ескеріп облысымыздың имамы Өмірзақ Қажыбекке жолықтым. Шыны керек, қазір мешітке бас сұқпайтын, уағыз тыңдамайтын адам аз. Соған орай имамға барлық өңірдегі дін өкілдері татулықты насихаттаса деген тілек айттым. Даукестіктің зиянын, соттасудың залалын түсіндірсе деп өтіндім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме? Мешіттер жанынан ақсақалдар бірігіп, қазір медиацияның тиімділігін насихаттап жүр.
– Медиациялық келісімге келу үшін тараптарға бұрын бес күн берілетін. Жаңа Азаматтық-процестік кодексте татуластыруға берілетін мерзім ұзарды. Енді қолданысқа енгізілген құжаттың тағы қандай тиімді тұстары бар?
– Азаматтық-процестік кодекс – ең жиі қолданылатын заңнама қатарында. Содан болар, бұл құжат судьялар
тарапынан көп талқыланды. Азаматтық істерді неғұрлым оңтайлы, жедел, барынша сапалы қараудың
мүмкіндіктері ортаға тасталды. Соның ішінде судьяның бейтараптығы кейінгі кезде көп сыналғаны жасырын
емес. Расында, судьялар бүгінгі күнге дейін тараптар ұсынған дәлелдермен шектеліп келді. Өзі көріп, біліп отырса да, тараптарға кеңес беріп, қосымша мәліметтер сұратуға дәрменсіз болды. Өйткені, заңның талабы солай. Бір тарапқа артық көңіл бөлу екінші тараптың құқығын бұзу болып саналады. Мысалы, тараптар сыйға тарту шартын даулап жатыр делік. Талап арыз келтіріп, құқықтық негізіне сай келісімшартты жарамсыз дейді. Біз құжатты көріп отырмыз, бұл келісімшартты бұзу керек. Бірақ, құқығымыз шектеулі, егер ойымызды айтсақ, онда мына тараптың мүддесін қорғап, артықшылық жасаған болып шығамыз. Осыдан кейін істі қарап, қанағаттандырудан бас тартамыз. Оны сот хатшысына бұл жерде басқа талап, мынандай дүние болуы керек деп жазып береміз. Ал, судьяға процесте дәлелдерді сұратуға, қосымша сауалдар қоюға, жағдайды анықтауға мүмкіндік берілсе, көп әурешілік азаяды. Жаңа заң судьялардың процестегі белсенділігін арттыруға жол ашып отыр. Сосын сотта басы артық құжат аз емес. Кейде, бір талап арызды қабылдау үшін бес-алты ұйғарым шығарамыз. Кімге, неге керек оның бәрі? Келді ме, жүгінді ме, бір-ақ ұйғарыммен қабылда, тағайында, өндірістерін бекітіп, дайындығын жасап, керек емес дүниелердің бәрін қысқартып тастау керек. Сот ісі адамдарға біріншіден, түсінікті, екіншіден, өте ыңғайлы болғаны жөн. Ыңғайлы, түсінікті болса, бюрократиялық кедергі азайса, сот ісі жеңілдейді. Соттардың өз шешімдерін түсіндіруі де өте дұрыс жасалған, лайықты өзгерту. Оған тәжірибе барысында көз жеткізіп келеміз. Шындығында, заң тілі ауыр, криминалогияның ұңғылшұңғылы қарапайым азаматтарға бейтаныс. Ол бізге, адвокаттарға, прокурорға түсінікті. Тараптар шешімдегі сірескен заңдық терминдерді түсінбейді. Ал, енді сот актісін жариялағаннан кейін судья не себепті мұндай қорытындыға келгенін, қандай дәлелдерге сүйенгенін, нені желеу еткенін тәптіштеп айтып береді. Әрине, істер бітіммен бітсе, екі тарап та разы. Ал, сот шешімі шығатын болса бір жақ риза болғанмен, бір тараптың наразы болатыны шындық. Сондайда, өз қатесін мойындап, сот шешімімен тоқтайтындар да, «Менікі ғана дұрыс» деп әрі қарай арыздануды тоқтатпайтындар да бар. Азаматтардың өз құқығын қорғауына ешкім шектеу қоя алмайды. Тек, өнбейтін дауды өспейтін ел қуатынын қайта-қайта қаперге салып отырғанның артықтығы жоқ.
– Сот жұмысына, судьялар қызметіне қатысты сын азайған емес. Соған орай судьяларға қойылатын талап жылдан жылға күшейтіліп келеді. Төраға ретінде кейінгі іріктеуден өткен судьялардың жұмысына көңіліңіз тола ма? Шындығында Жоғарғы Сот кеңесінің сүзгісінен тек мықтылар іріктеліп шығып жатыр ма?
– Судьяларға қойылатын талап өсіп жатыр. Қоғамның қажеттілігі, талабы солай. Судья – сот саласының
айнасы. Айнаның кіршіксіз таза, мінсіз болуы міндет. Сондықтан іріктеудің қатаң болуын құптаймын.
Бұған дейін сот саласында жұмыс істеген, төрелік алаңының қыр-сырын терең меңгерген, теорияны тәжірибемен ұштастырған жандарға басымдық беріліп келді. Мұның жағымды жағы жоқ дей алмаймыз. Бұл судьялардың жанында табан аудармай жұмыс істеп, өсуді армандаған жастарға үлкен қолдау болатын. Алайда, кейбір мамандар хатшы деңгейінде қалып қояды. Сосын қазіргі хатшылар мен бұрынғы
хатшыларды салыстыру мүмкін емес. Бұрынғы сот хатшылары хаттаманы қолмен жазатын, судьямен бірге істің қыр-сырына үңілетін. Өзі бастан-аяқ іс барысын қағазға түсіретіндіктен, әр сөзге мән беретін. Сот мәжілісіндегі адамдардың уәждері мен дәлелдерінің хаттамаға дұрыс түскеніне жауапты болатын. Ал, қазір істің бәрі дыбыс-бейне құрылғыларына жазылады. Хатшының бар шаруасы тараптарды шақырып,
судьяның келген, кеткенін хабарлаумен, түймедей тетікті басумен шектеледі. Ондай хатшыны ертең қалай
судья қыласыз? Судьялыққа келу үшін соттағы еңбек өтілін сұрау білікті мамандарды қолдан тежеу іспеттес. Дәл осы тетік ірі компанияларда, заңгерлік кеңселерде, прокуратура, адвокатурада қызмет етіп жүрген білікті мамандардың сот саласына келуіне кедергі болды. Шетелде білім алып, шеберлігін шыңдаған, мамандығының майталманына айналған жандар судья болу үшін сот хатшысы бол дегенге келісе
ме? Келіспейді, әрине! Міне, кейінгі жылдары осы олқылық ескеріліп, өзге салалардағы озық ойлы, терең
білімді, ынталы жандардың сот сапын толтыруына жол ашылды. Рас, конкурс үлкен. Қазы боламын деушілер
өтетін сынақтар да қатаң. Бірақ, сол көп сүзгіден сүрінбей өткен мамандар үдеден шығып жатыр. Мысалы, біздің сотқа екі жас судья қосылды. Екеуі де мықты. Өзіне жүктелген міндетті бірден қамшы салдырмай алып кетті. Тосылған жоқ. Яғни, судьяларды іріктеудің жаңа сүзгісі үздіктерді таңдауға толықтай қабілетті.
– Сыбайлас жемқорлық дендемеген сала жоқ. Ара-тұра судьялардың да пара алып, істі болып жатқанын көріп отырмыз. Талаптың қатаңдатылуына мұның да әсері бар шығар?
– Талап, тәртіп болған жерде заңбұзушылық орын алмайды. Біздің аймақта сот беделіне көлеңке түсіретін жағдайлардың орын алмауы сол тәртіп пен қадағалаудың арқасында деп ойлаймын. Әділдікті қалпына
келтіруі тиіс судьяның істі болуы сүйіншілейтін нәрсе емес. Әрине, өмір болған соң судьяның жұмысына біреу
ризашылығын білдіріп, енді біреудің көңілі толмай жатады. Наразылар арыз жазады, шағым келтіреді. Елдің
бәріне жағу қиын. Оның үстіне, судьялар да ет пен сүйектен жаралған адам. Бірақ, жемқорлықтың жарға
жығатынын, өзі қараған іске салғырттық таныту судьяларға ғана емес, бүкіл сот құрылымына деген теріс көзқарас тудыратынын ескерту керек. Күнде айту керек болса, күнде айтқан дұрыс!
– Әріптестеріңіз сізді іскер басшы деп бағалайды. Іскер адам ортасына жайлы жағдай жасауға бейім келеді. Судьялардың алаңсыз жұмыс істеуіне қаншалықты қолдау көрсете алдыңыз?
– Іскерлік алдымен жұмысты үйлестіруден, қызметті тиімді ұйымдастырудан көрінеді. Қай сотқа барсам
да, алдымен ұжымды бір мақсатқа біріктіруге күш саламын. Содан кейін олардың қандай жағдайда жұмыс
істеп отырғанына мән беремін. Заманауи игіліктерден құр қалған судьяның ісінде береке болмайды. Осыған орай бұған дейін төрағалық еткен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында да, қазіргі Қарағанды облыстық сотының да ғимаратын әр нүктесіне дейін ойластырып, көңілдегідей етіп салдыруға тырыстым. Ғимаратты салуға бөлінген қаржының шашауын шығармай, өз бақылауымда ұстадым. Мұнда кітапхана да, асхана да, тіпті демалыс орны мен жаттығу залы да ескерілген. Үлкен жиындар өткізу үшін орын жалдаудың қажеті жоқ. Керек десеңіз, облыстық соттың мұражайын жасау үшін арнайы орын да қалдырдық. Мұражай соттың елеусіз бір қуысында тұрмауы керек. Сот тарихынан сыр шертетін шежіре дүниелер ең көрнекі жерден орын алуы қажет. Қазір мұражайдың маңызын ашатын дүниелер жинақталуда. Бұдан бөлек, бүгінде Теміртау қалалық сотының ғимараты жасалып жатыр. Жетпіс үш жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген ғимарат қой. Межеленген мерзімде теміртаулықтар да жарық, кең залда іс қарайды. Біз былтыр бір жылдың ішінде облыс
бойынша он екі фронт кеңсенің тұсауын кестік. Барлық соттар ыңғайлы күту залдарымен, ашық кеңсемен
қамтылды. Судьяларға жайлы орта жасақтаумен бірге, игілікті істерге ұйымдастырудан да шет қалып отырған жоқпыз. Ғимараттың алдына биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арнап Даңқ тақтасын орнаттық. Тақтада қырық екі адамның тізімі бар. Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың алдына үш бидің ескерткішін қойдық. Ақиқаттың алдаспаны болған үш бабамыздың бейнесі қазылардың санасына қозғау салары анық.
Өздеріңіз байқағандай, Қарағанды соттары бастама көтеруден үнемі алда. Ұлы Абайдың 175 жылдығына
арнап сот саласында бірінші болып жыр мүшәйрасын өткіздік. Облыстық жас ақындар қатысқан бұл додаға
Серік Ақсұңқарұлы, Қойлыбай Асан секілді белгілі тұлғалар төрелік етті. Мүшәйра арқылы сот ұжымы өрелі сөз тыңдап, ойлы жырларды таразылауға мүмкіндік алды. Жыр додасында топ жарған жүйріктердің өлеңдерін жақында жинақ етіп шығардық. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өзге ұлт өкілдеріне қазақ ақындарының өлеңін оқытып, жаңа челлендж бастадық. Сол арқылы қазақша үйренгісі келетіндер қатарын өсірсек дейміз. Елбасы айтқандай, қазақ пен қазақтың қазақша тілдескенін қалаймыз. Бұл іс те бір нәтижесін береді деген үміттеміз. Қарағанды соттары қайырымдылық жасаудан да кенде емес. Еріктілер жылы аясында өңірдегі ардагерлердің үйіне барып, қолғабыс етіп жүрміз. Жылы бөлмеден шықпағандар қиындықтың не екенін білмейді. Өзгенің қасіретін түсінбейді. Сондықтан бұл шараның рухани жақтан да көмегі
көп.
– Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет!
Айнұр СЕМБАЕВА,
«Заң газеті»

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...