Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан әнұраны авторларының қатарынан алына ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі әнұран авторлығынан алына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік Әнұран мәтінін 2006 жылы жазған болатын. Мусин Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер туралы заңды өзгертпейтіндіктен, Назарбаевтың авторлығы алынбайтынын айтты. 

«Қазір Қазақстанда мемлекеттік рәміздер туралы Заңға өзгерістер енгізу мәселесі алға қойылған жоқ. Егер біздің Тұңғыш Президентіміз ресми түрде Әнұран авторларының қатарында болса, онда оның есімін ешкім заң бойынша алып тастай алмайды», – деді Қанат Мусин.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң мен Астана атауын қайтару жайлы жарлыққа қол қойған еді. 

ҚАЖ мекемесінде ЖИТС орталығының өкілімен профилактикалық кездесу өтті

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандардың ЖИТС орталығының...

Профилактическая встреча с представителем СПИД-центра прошла в учреждении УИС

В области Абай в учреждении масимальной безопасности состоялась профилактическая...

Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз — Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституция туралы

Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап,...

В Алматы финансовый сектор Казахстана выразил поддержку предстоящему референдуму

В Алматы состоялась встреча представителей банковского сектора и микрофинансовых...