Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Серікбайқызы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.

2008-2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.

2020 жылы мамырдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Мауберлинова Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын. Ол 2020 жылдың мамырынан бастап Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарды.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...