12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нұргүл Батырхан, Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының судьясы:
«Әр мерекенің маңызы бар»

– Құқықтық мемлекетте барлық қарым-қатынас заң аясында шешіледі. Сонымен бірге, зайырлы қоғамда кез келген мәселенің заңмен реттелетіні қалыпты жағдай. Ал енді елімізде кәсіби мерекелерді бекітуде неге сүйенеді?
– Мереке күндерінің жайдан-жай белгіленбейтіні белгілі. Еліміздегі басты мерекелер тәуелсіз мемлекеттің тұғырын нығайтып, халықтың бірлігін, татулығын, тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқарады. «Қазақстан Рес­публикасындағы мерекелер туралы» заңында мерекелердің мәні, мақсаты толық көрсетілген. Бұл заң 2001 жылдың 13 желтоқсан күні қабылданған. Бар болғаны алты баптан тұратын бұл құжат мемлекеттік, ұлттық, кәсіби мерекенің аражігін заңдық тұрғыда ажыратып беруімен құнды.

– Мереке күндері аталмыш заңға сай үш топқа жіктеліп отыр. Сонда олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

– Тәуелсіз Қазақстан – ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына топтастырып, бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан берекелі, бейбіт ел. Мұндағы әрбір мереке елде ғасырлар бойы орныққан тыныштықты сақтауға, бірлігі бекем халықтың ынтымағын арттыруға қызмет етеді. Соның ішінде ұлттық мерекелердің орны бөлек. Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне белгіленеді. Біздің елімізде мұндай биік мәртебеге 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ие. Расында, қай мемлекет үшін де тәуелсіздік алған күннің орны бөлек. Бұл әлем картасында Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің пайда болған күні. Ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздіктің тұғырын биік, ғұмырын ұзақ ету – баршамыздың перзенттік парызымыз.
Ал мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналады. Сондай-ақ бұл қатарға Қазақстан азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер кіреді. Жаңа жыл; Халықаралық әйелдер күні; Наурыз мейрамы; Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; Отан қорғаушы күні; Жеңіс күні; Астана күні; 30 тамыз – Конституция күні, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні де – мемлекеттік мереке саналады. Бұл айтулы күндердің де ел өмірінде өзіндік орны, тойлану тарихы бар. Әрқайсысының тәрбиелік мәні терең.
– Бізде әр мамандық иесіне деген құрмет ерекше. Соның ішінде биылдан бастап 24 маусымда судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілмек. Кәсіби мерекелерді белгілеудің жалпы тәртібі қандай?
– «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 4-бабында кәсіби және өзге де мерекелерді белгілеудің реті көрсетілген. Мұндай мерекелік күндердің тізбесін Үкімет белгілейді. Шындығында елімізді дамытуға, мемлекетімізді ілгерілетуге аянбай қызмет етіп жүрген кез келген кәсіптің иесі марапатқа лайық. Ал кәсіби мерекенің белгіленуі – мемлекеттік деңгейде мойындаудың, еңбекті бағалаудың бір түрі. Дәл осы күні кәсіп иелерінің жұмысы дәріптеліп, жанкештілігі өзгелерге насихатталып жатады. Кәсіби мереке – елдегі әр кәсіптің маңызын арттыруға, сол мамандыққа деген қызығушылықты оятуға таптырмайтын мүмкіндік. Бұл мерекенің ұлттық және мемлекеттік мерекелерден ерекшелігі – кәсіби мейрамда демалыс берілмейді. Бірақ дәл осы күн – әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі. Биылғы жылдан бастап судьялар мен сот қызметкерлерінің де өз кәсіби мерекесі бар. Біз бұл айтулы сәтті ұзақ күттік. Әріптестеріміздің неше жылдан бері айтқан өтініш, тілектерінің орындалғанына қуаныштымыз! Кәсіби мереке – сот саласындағы әріптестеріміздің жұмысын жандандыруға, мамандықтарына деген мақтанышын оятуға септігін тигізері анық.
– Сот жұмысына, судьяларға қойылар талап қатаң. Осы салаға келгеніңізге өкінбейсіз бе?
– «Генерал болуды армандамаған солдат солдат емес» деген сөз бар ғой. Сол секілді судья болуды армандамайтын заңгер аз. Әрине, судьяларға қойылатын талап та, жауаптылық та жылдан жылға күшейіп келеді. Елдегі әділдіктің кепілі болғандықтан, сотқа қатысты талаптың өсуі орынды. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» демекші, қиындықтан қашқан жақсы маман болмайды. Сондықтан сот саласына судья болудың қыр-сырын жіті білетіндер келеді деп ойлаймын. Бізге мемлекет атынан үкім ету мәртебесі берілген. Сол мәртебеге сай болу, сол үдеден табылу басты мақсатымыз. Ал кәсіби мерекенің белгіленуі мерейімізді өсірді.
– Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қиын да жауапты істе халықтың алғысына бөлене беріңіздер!

Жібек Құдайбергенова

ОСОБЕННОСТИ НАЗНАЧЕНИЯ НАКАЗАНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

ЮВЕНАЛЬНОЕ ПРАВОСУДИЕ ЯВЛЯЕТСЯ САМОЙ, ПОЖАЛУЙ, ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ СФЕРОЙ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ,...

КТО ЗАЩИЩАЕТ МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС В КАЗАХСТАНЕ?

Сфера государственных закупок в Казахстане давно стала ассоциироваться с...