Нұр-Сұлтанда жиналып ауызашар өткізуге тыйым салынады — дәрігерлер

Нұр-Сұлтанда Рамазан айында адам көп жиналатын діни іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, жиналып ауызашар өткізуге болмайды. Бұл туралы қалалық бас санитария дәрігердің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Рамазан айында жамағатпен жұма намазына және бес уақыт намаз оқуға баруға тыйым салынады. Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерінің арасындағы ауызашарды санамағанда, көп адам жинап үйде ауызашар жасауға тыйым салынады», — деді Пірәлиева елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Бас санитария дәрігердің орынбасары 60 жастан асқан адамдар әлсіз топта екенін еске салды. Сондықтан адамдарға қажет болмаса, тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес берілетінін ескертті.

«Созылмалы аурулары бар адамдар учаскелік дәрігерімен кеңесіп, ораза ұстамас бұрын міндетті түрде ұсыныстар алуы керек. Қарттар мен кәмелетке толмағандардан жағдай тұрақталғанша мешіттерге барудан бас тартып, үйде дұға ету сұралады», — деп қосты ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасаған еді.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...