Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылып, оның салтанатты ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Осындай қасиетті жұма күні елордамыздан мешіт ашып жатырмыз. Бұл тек елордалықтар үшін ғана емес, барша мұсылман үшін маңызды оқиға. Мен осы мешіттің құрылысын бастағаным үшін құдайға шексіз разымын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, тәуелсіздік жылдарында елордада көптеген ғимараттар бой көтерді.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің барлық аймақтарында мешіттер ашылды. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғаларды қабыл етсін. 2019 жылдың наурыз айында өкілеттігім тоқтатар алдында осы мешіттің алғашқы кірпішін қалағам. Менімен бірге еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Алладан жарылқап, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлдене беруін  тілейміз», — деп қосты Елбасы. 

Бұл мешіт Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ. Бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуық, ал мұнаралары 130 метр биіктікте. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға дейін жетеді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...