12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылып, оның салтанатты ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Осындай қасиетті жұма күні елордамыздан мешіт ашып жатырмыз. Бұл тек елордалықтар үшін ғана емес, барша мұсылман үшін маңызды оқиға. Мен осы мешіттің құрылысын бастағаным үшін құдайға шексіз разымын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, тәуелсіздік жылдарында елордада көптеген ғимараттар бой көтерді.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің барлық аймақтарында мешіттер ашылды. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғаларды қабыл етсін. 2019 жылдың наурыз айында өкілеттігім тоқтатар алдында осы мешіттің алғашқы кірпішін қалағам. Менімен бірге еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Алладан жарылқап, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлдене беруін  тілейміз», — деп қосты Елбасы. 

Бұл мешіт Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ. Бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуық, ал мұнаралары 130 метр биіктікте. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға дейін жетеді.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың борышы

Мемлекеттік тіл – елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының басты нышандарының...

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ДӘРІСХАНАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Абай университетінде қазақ халқының көрнекті ағартушысы, тұңғыш математика оқулығының...

Мемлекеттік тіл — тәуелсіздігіміздің тірегі

Тіл — халықтың жаны, рухани байлығы мен мәңгілігінің кепілі....

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті 2025 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды

Бүгін департаментте өткен жиналыста жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар...

Бала тәрбиесі – болашақтың іргетасы

Бала тәрбиесі – кез келген қоғамның, мемлекеттің, ұлттың ең...