Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік көпірінің құрылысы қашан аяқталады?

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көпір құрылысын аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

«2019 жылы екі компания өзара дауласты, тендер ашық өтті. Олар дауласып Жоғарғы сотқа жетті, сосын пандемия басталып, металл қымбаттап кетті. Сондықтан жоба ескіріп қалды. Біз жобаны қайта қарадық. Бастапқыда керме көпір жоспарланған болатын. Бірақ онда металл конструкциясы көп болды. Металдың 30 пайыздан артық қымбаттағанын ескерсек, бұл соманы жеткізу мүмкін болмады. Көпірді қайта жобалап жатырмыз», — деді Көлгінов есеп беру кездесуінде.

Әкім жобалауға бөлек ақша жұмсалмағанын мәлімдеді.

«Көпір темірбетоннан жасалады, конструкциясы берік болады. Жобалауды көктемде аяқтаймыз, содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына жариялаймыз (конкурс — автор.). Менің ойымша, ол кем дегенде бір жылда салынады. Биыл бастасақ, 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір өте қажет, ол сол және оң жағалаудағы көлік ағынын айтарлықтай жеңілдетеді», — деді Көлгінов.

Көпір салынатыны 2018 жылы белгілі болған. Құрылыс 2019-да басталып, екі жылда аяқтау жоспарланған. Алайда сәулет басқармасы өкілдері қаржыландыру көзіне байланысты жоспар өзгеруі мүмкін екенін атап өткен.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...