Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады

Нұр-Сұлтандағы салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі Traktorist.kz парақшасында жарияланды. Кадр сыртындағы ер адам апат салдарынан екі құрылыс краны зақымдалғанын айтады.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер оқиға 19 ақпанда болғанын айтты. Монтаждалған металл конструкциясы құлаған.

«Монтаж жасайтын мамандар конструкцияны дәнекерлеу үшін краннан шешіп алған және сол кезде конструкция құлаған. Құрылысшылар ол кезде түскі үзілісте болды. Қазір бас мердігер «Сембол құрылыс» компаниясы жағдайдың мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына Өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері барды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...