Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа ылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавирус жұқтырған науқастар саны артып жатыр.

«Қазір қала «сары аймақта» орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты.

Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет», — деді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова науқастар саны өсуі жалғасқан жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданатынын айтты.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...