12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі

21 наурызда Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Cұлтанның «қызыл» аймақта екенін ескеріп, жексенбі күні, яғни 21 наурызда қалада локдаун енгізіледі. Жексенбіде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары (онда орналасқан дәріханаларды, сонымен бірге тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, азық-түлік тауарларын сатпайтын объектілер, жабық спорт объектілері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ сияқты мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады», — делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге дезинфекция жұмыстары жүргізілуіне байланысты жексенбіде қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды.

Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың («сары» аймақ критерийлері қолданылатын Ashyq пилот жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.

«Қаладағы эпидемиология ахуалы тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт көбейді. Осыған байланысты 18 наурыздан бастап карантиннің қосымша шектеулері бар қаулы қолданысқа енгізіледі. Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Инфекцияның өршуіне жол бермеуіміз керек. Медицина ұйымдарына және медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитария нормалары сақталуы керек», — деді Нұр-Cұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова.

Сархат Бейсенова 18 наурыздан бастап (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақыты қысқарғанын айтты.

Сонымен қатар 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Еске салайық, Нұр-Cұлтан коронавирус бойынша «қызыл» аймақта.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санаттары мен алқабилер алқасының құрылу процесі

           Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот алқабилердің қатысуымен аса ауыр...

Ел мерейін асырған жас заңгерлер

2025 жылдың 25 қазан күні елордамыз — Астана қаласында...

Тазалық — мәдениеттің айнасы

2025 жылдың 11 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Ұлт рухын жаңғыртқан жарыс

Асық ату – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Мүмкін, сондықтан...

“Қайда барсаң да құжат керек”: Мойынқұмдық ақсақалдың күрделі жолы

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі....