Нұр-Сұлтанда «Қазақстан» спорт кешені сүрілуі мүмкін

Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» спорт кешені апатты жағдайда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов есеп беру жиналысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта ғимарат апатты жағдайда тұр. Сондықтан біз жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Ғимаратты толығымен бұзуға тура келуі де мүмкін», — деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

«Бірінші кезекте мамандар кешеннің қандай бөлігін алып тастап қайта жасау қажет екенін жоспарлап береді. Жобаға сәйкес жұмыс істейміз. Құрылыс биыл басталады. 2022 жылы кешенді тұрғындар қолданысына беруіміз қажет. Бұл ауданда «Қазақстан» СК тұрғындарға, әсіресе жастарға спортпен шұғылдануға және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді», — деп уәде берді қала басшысы.

«Қазақстан» СК бассейні 2018 жылғы тамызда жөндеуге жабылған, ал спорт кешені 2019 жылғы сәуірден бастап жұмыс істемей тұр. Спорт кешенін толық техникалық тексеру нәтижесінен кейін апатты жағдайда деп таныды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан» спорт кешені «Барыс» хоккей клубының аренасы болған.

Ғимарат 2001 жылғы наурызда ашылды. 2007 жылы кешенді «Барыс» ҚХЛ-ға қатысуы үшін қайта жөндеуден өткізді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...