Нұр-Сұлтанда 1200-ден аса оқушы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 1234 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Оқу жылының басынан бастап 12 наурыздағы жағдай бойынша оқушылар арасында 1234 CОVІD-19 жұқтыру дерегі тіркелген. Оның ішінде 295 немесе 23,9 пайызы офлайн режимде оқитын оқушылар арасында, 939 жағдай (76,1 пайыз) — қашықтан оқитын оқушылар арасында», — деп хабарлады Бейсенова елорда әкімдігі баспасөз конференциясында.

Санитар дәрігер мәліметіне сүйенсек, оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 89 мектеп карантинге жабылған. Қазіргі уақытта 22 мектеп карантинде.

Бейсенованың айтуынша, елордада білім беру нысандарында тамақтандыруды мәселесі қаралмайды.

«Жалпы республика бойынша еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №5 қаулысына сәйкес, №67 қаулының 46-қосымшасы талаптарын сақтай отырып, білім беру нысандарындағы қоғамдық тамақтандыру қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты білім беру нысандарында тамақтандыруды мәселесі қаралмайды», — деп қосты ол.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...