12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 
Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар. ХҚКО көрсететін қызметтердің толық тізімі қоса беріліп отыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір  қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.
Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді .

Холодный разум: миф или тренируемый навык?

ПОЧЕМУ ОДНИ В ПАНИКЕ СОВЕРШАЮТ ГЛУПОСТИ, А ДРУГИЕ В...

Казахстан становится страной форумов?

КАЛЕНДАРИ ЧИНОВНИКОВ, БИЗНЕСМЕНОВ, УЧЕНЫХ И ИСТЕБЛИШМЕНТА ПЕСТРЯТ МЕРОПРИЯТИЯМИ: ВСЕВОЗМОЖНЫЕ...

Жить на стороне закона

Причиной большинства преступлений, совершаемых молодыми людьми, зачастую является непродуктивное...

Инструмент коммуникативной культуры

Юридический факультет Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно с...

Старт новой образовательной эры

В Г. ШЫМКЕНТЕ НА БАЗЕ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ. М....