12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтан сотының төрағасына қатысты жекеменшік ұшаққа байланысты тексеріс жүреді

Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың жекеменшік ұшағына байланысты тексеріс басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Бәрпібаевқа қатысты БАҚ ақпараты бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

«Бүгінгі таңда жекеменшік ұшақты Бәрпібаевтың құдасы болып келетін бизнесмен өзі және отбасы үшін медициналық операция жүргізу үшін Германияға бару мақсатында жалға алғаны анықталды. Бизнесменнің Германия клиникаларының бірінде медициналық қызмет алуы және ұшаққа жеке өзі ақы төлеу фактісі құжат арқылы расталған.

Бәрпібаевқа келетін болсақ, ол әйелімен бірге осы чартерлік рейстің жолаушылары болған. Ол да медициналық тексеру үшін ұшқан. Аталған факті бойынша тексеру жалғасуда. Бәрпібаевтың Судья әдебі кодексін сақтау мәселесі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті комиссиясы қызметтік тексеру жүргізеді», — делінген ведомство хабарламасында. 

Айта кетейік, таяуда Тілектес Бәрпібаев қызметінен босатылғаны хабарланды. Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметті Baigenews.kz редакциясына растаған.

Еске салайық, Германияда қазақстандық дипломаттың әкесіне коронавирус белгілері диагнозы қойылған болатын. Елордалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев демалыста болған. Қазір ол емделіп жатыр.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...