spot_img
spot_img

Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа көшті: қандай шектеулер болады?

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты «сары» аймаққа қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында «омикрон» және «стелс-омикрон» штамдарының жалғасуына байланысты қаладағы эпидемиология жағдайы күрделене түсті. Бір тәулік ішінде жаңа жағдайлар саны 642-ге жетті. Осылайша, эпидемиология жағдайын бағалаудың жаңа матрицасы бойынша стационарға жатқызылғандардың көрсеткіші негізінде 21 шілдеде қала «сары» аймаққа өтті.

«Нұр-Сұлтанның тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын тіркеуді ұлғайтуды және эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес орташа тәуекел аймағына («сары» аймаққа) көшуді ескере отырып, Нұр-Сұлтан бас санитария дәрігері мынадай шектеу шараларын қабылдайды:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру;
  • COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • адамдар көп жиналатын орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, rонцерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т. б.) барған кезде және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда бетперде кию ұсынылады;
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру ұсынылды», — деді Байтанаев. 

Осыған байланысты, астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды аса қажетсіз жағдайда адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, барлық шектеу ұсыныстарын орындауға шақырады.

«Вакцинация және ревакцинация инфекциядан жалғыз қорғаныс болып қала бермек. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз!Уақыттан кешіктірмей, коронавирусқа қарсы вакцинация алыңыз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз», — деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...