Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мекемеміздің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастыра отырып жаза өтеу барысында өзін жақсы жағынан көрсете білген сотталғандарды мақтау грамоталарымен кішігірім сыйлықтарымен марапатталды және мерекелік іс-шараға сотталғандар өз өнерлерін көрсетіп түрлі бағытта әндер шырқалды, сонымен қатар тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Самат Абильмажинов мекеме атынан мекемемізде жазасын өтеп жатқан аналар қыз-келіншектер ді мерекелерімен құттықтады! «Мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, және әрқайсыңыз өз отбасыларыңызға аман-есен ертерек оралуларыңызды тілеймін!»