Нұр-Cұлтанда субұрқақтарға шомылған балалар жаппай вирус жұқтырып жатыр

Елордада жол бойындағы субұрқақтарға шомылған балалар жаппай вирус жұқтырып жатыр. Екі апта ішінде індеттің таралуы екі жарым есеге көбейген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Осыдан кейін судан сынама алған санитар мамандар қаланың  ортасындағы субұрқақтың бірінен қауіпті індеттің қоздырғышын тапқан. Бірақ сол маңды тазартатын жұмысшылар болса бұлай болу мүмкін емес деп таң болуда. Себебі, күніге бір рет залалсыздандырып отырамыз деп ақталды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 453 адам энтеровируспен ауырыпты. Олардың барлығы дерлік бала. Бұл вирус күн ыстықта, ылғалды жерде тез таралады. Індет жұқтырған бүлдіршіндер су бұрқақта шомылған. Кейін тексеру жүргізген вирусологтардың өздері көше бойындағы фонтандардың ластығынан шошып отыр.

Елордадағы Абай мен Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы субұрқақтан энтеровирус қоздырғыштарын тапқан. Сарыарқа ауданы әкімдігі алдындағы, «Жастар» театры аумағындағы және «Өмір ағашы» су бұрқақтары да қауіпті дейді.

“Әртүрлі субұрқақтарға түсіруден аулақ болыңыздар. Себебі, ондай субұрқақтарға көбінесе яғни, қаңғыбас  иттер, түрлі құстар шомылып, су ішеді.Олар барлығымызға белгілі вирус тасымалдаушылар. Және де ауа райының ыстығына байланысты суда микро организмдер тез тарайды”, –дейді Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Аяжан Қалқабекова.

Ал субұрқақтардың тазалығымен айналысатын мамандар күніне субұрқақтарды залалсыздандырып отыратындарын айтады. 

“Біз суға химиялық реагентерді қосамыз. Ол хлор, альгицид. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қоспалардан кейбір адамдарда аллергия болу мүмкін. Бірақ күн ыстықта субұрқақта балалар көп болады. Барлық жерде шомылуға болмайтыны туралы ескерту тақтайшалар орнатылған. Айпұл саламыз деп те ескертеміз”, – дейді Владимир Назаров.

Дегенмен, мамандар балаларды көше бойындағы мұндай жерлерде шомылмақ түгілі, қол-аяғын суға батырмасын деп отыр.  Ал індет жұқтырған баланың қызуы көтеріліп, тамағы мен мұрны бітіп, терісінде дақ пайда болады екен. Оны емдеу кем дегенде он күнге созылады.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.