Нәзік жандылардың құқығы әрқашанда қоғам назарында

Қазақ халқында нәзікжандыларға деген құрмет ежелден жоғары. Ата-бабаларымыз қыз балаларына қонақ ретінде қарап, үйдің төрінен орын берген. Олардың еркіндігін шектемеген. Әйелді отбасының алтын қазығы санап, қашанда қадірлеген. Бұл үрдіс тәуелсіз елімізде жалғасын тауып келеді.

Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық — бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет. Алайда бұл әйелдің мойнына барлық ауыртпалықты жүктеу дегенді білдірмейді. Ең алдымен, ол — бүгінгі күні ескірген түсінікті өзгертетін және ерлермен тең дәрежеде өз мақсаттарына лайықты қол жеткізуші адамзаттың тамаша жартысы. Бүгінде елімізде гендерлік теңдіктің талаптарын орындау мақсатында әйелдердің ерлермен тең қатысуы, өз бизнесін дамыту және қызмет бабымен көтерілу, отбасындағы тең құқықтарды шешуге және тағы басқа құқықтарды жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған.

Жалпы, құқық қорғау органдарында, оның ішінде соттарда әйелдердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарып келеді. Олар нәзікжандылардың құқықтарының бұзылуы туралы істерді қарап, ешім шығарады, гендерлік теңдікке қатысты заңдарды түсіндіруге ықпал етеді. Сот жүйесі әйелдердің құқықтарының бұзылуын соттау және кемсітушілік, зорлық-зомбылық жағдайларында әділеттілікпен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы олардың құқықтарын қорғауда маңызды роль атқарады.

Әйелдердің құқықтарын қорғайтын заңдардың орындалмауы және құқықбұзушылықтарға тиісті жауап бермеуі бұл үлкен жауапкершілікті көздейді. Сол себептен сотта әйелдердің құқықтарын қорғау әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Султанова

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...