Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай поэзия кеші ұйымдастырылды

Бүгін Атырау облыстық сотында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Атырау облысы соттарының мамандары арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Ғасыр ақыны» сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың әділ қазылар мүшесі құрамында Атырау облыстық сотының судьялары Сағат Хасан, Алтынай Серикова, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Сәбит Қожабеков, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының өкілі Мейрамгуль Уразгалиева болды.

Әділ қазы мүшелері іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа облыс соттарының қызметкерлері қатысты.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды:

1 сайыс – соттар арасында ақынның өмір және шығармашылық жолын баяндайтын ұжымдық көрініс қою.

2 сайыс – мамандар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Алғашқы сайыс қорытындысы бойынша I орынды Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы, II орынды Атырау облысы Мақат аудандық сотының ұжымы, III орынды Атырау қаласының №2 сотының ұжымы иеленді.

Екінші сайыс қорытындысы бойынша I орынды Атырау қалалық соты әкімшісінің жетекші маманы Айсұлу Қаныбекова, II орынды Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің бас маманы Алтынай Оспанова, III орынды Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы Мария Толстова иеленді.

Жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар табысталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...