Мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті

Әлемдік мұнай бағасы әлі төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет барреліне 64 доллардан төмен түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусым айындағы фьючерстердің бағасы 2,60 пайызға төмендеп, барреліне 63,87 доллар болды (Астана уақытымен 08:20 жағдайы бойынша).

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 2,50 пайызға төмендеп, барреліне 60,44 доллар болды.

Еске салайық, қара алтын бағасының төмендеуі 3 сәуірде басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары тарифтер енгізуінен кейін болды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.