Мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтті

Бүгінгі таңда әлемдегі халықтың шамамен 10 пайызы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 Жарлығымен қазанның екінші жексенбісі «Мүгедектер күні» болып жарияланды.
Күн сайын біз қайталанатын істерді орындау кезінде, тіпті ол туралы бәлендей ойланбай-ақ орындаймыз, өйткені бұл бізге ерекше қиындық туғызбайды.
Өкінішке орай, мұндай қиындықтарды басынан өткермеген адамдар бұл туралы ойланбайды. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 75 және 79 мекемесінің қызметкерлері болып мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні туғанынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырларын салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасау мақсатында Атыраудағы арнайы волонтерлардың сұрауымен балапандарды қуантып қайтты. «Барлығын мүмкіндігінше жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасындағы балаларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына кез келген көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз», — деп атап өтті Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметінің қызметкерлері.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...