spot_img
spot_img

Мүгедектігі бар жандарға несие алуда шектеу жоқ

Қазіргі таңда еліміз қоғамның барлық мүшелеріне бірдей жағдай жасап, тең қоғам, тең мүмкіндіктер қалыптастыруға тырысуда. Осы орайда елімізде мүгедектігі бар жандардың мәселесін тез арада шешіп, оларға қолайлы жағдай туғызу жолға қойылып келеді. Сондай жасалған жағдайлардың бірі бұдан былай елімізде мүгедектігі бар жандарға банктердің несие бермей қоюына жол берілмейді. Олар да басқалармен тең дәрежеде несие алып, әжетіне жарата алады.

Осы орайда айта кетсек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың алғашқы бес айында  І, ІІ, және ІІІ топтағы мүгедектігі бар 66,7 мың адамның негізгі қарызының сомасы шамамен 39 млрд теңгеге жеткен. Алынған несиелердің барлығы дерлік — тұтынушылық займдар мен шағын несиелер екен.

Көтерген мәселемізге ораймүгедектегі бар жандардың бірімен де сұхбаттасып көрген едік. Айгүл КерімоваІІІ топтағы мүгедек. Кішкентай кезінде бір көз жанарынан айрылған Қызылорда қаласының тұрғыны «Өзімді мүмкіндігім шектеулі деп сезінбеймін» дейді.

Айгүл Керімова, Қызылорда қаласының тұрғыны, ІІІ топтағы мүгедектігі бар жан:

Бала кезімде оқыс жағдайдан бір жанарымнан айрылып қалдым. Ұзақ уақыт емнің нәтижесінде бір көзімді сақтап қалуға мүмкіндік туды. Кейін ІІІ топтағы мүгедектік тағайындады. Бала кезімде еш кедергісіз білім алдым, кейін университетте оқыдым. Мамандық таңдар кезде де көзім кедергі болмас үшін барынша денсаулыққа кері әсері жоқ, екінші көзіме қауіп төндірмейтін, протез көзімнің жағдайына кері әсер етпейтін мамандық таңдадым. Өйткені көзімдегі ақаулықпен өте ыстық жерлерде жұмыс істеуге болмайтын еді. Сол секілді дәрігерлер қойған шектеулерді сақтауым қажет болды. Жұмысқа тұрар алдында да артықшылықтарға ие болдым. Жұмыс берген мекемемнің мемлекет алдында салықтық жеңілдіктерге ие болатыны ескеріліп, еш кедергісіз, тіпті қуана жұмысқа алды. Осы орайда мемлекет тарапынан мүгедектегі бар жандарды қолдап сондай артықшылық бергеніне риза болдым. Ең бастысы несие рәсімдер алдында еш кедергі жоқтығы қуантады. Жақында жұбайыма үйдің алдынан дүкен ашып бердім. Жұбайым үйде отырғандықтан оның атынан несие алу оңай болмайтындықтан өз атымнан алдым. Осы уақытқа дейін бізге қатысты мүмкіндігі шектеулі деген сөз таңылып келді ғой. Алайда біздің мүмкіндігіміз өзіміз қаласақ шектеусіз екеніне көзіміз жетіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі деген сөздің өзі біздің жігерімізді құм ететін. Сондықтан мүгедектегі бар деп сипай қамшылап жеткізудің өзі бізді қуантады. Адамның бір мүшесі кем болғанының өзі оның үнемі қуыстанып жүруіне ықпал етіп, өзіне деген сенімін жоғалтады. Ал енді оны мүмкіндігі шектеулі десек одан сайын бетіне басқандай боламыз. Сондықтан бізге қатысты атауды өзгертіп, мүгедектігі бар жандардың өзін ыңғайсыз сезінуінің алдын алып, инклюзивті қоғам құруға тырысып жатқаны үшін тиісті орындарға ризамын. Несие алу мүмкіндігі қазіргі таңда қосымша отбасылық табысымызды дөңгелетуге мұрындық болып отыр.

Мүгедектігі бар жан осылай дейді. Ал министрлікке жолдаған арнайы сауалымызға орай «Қазіргі таңда банктер несие берген кезде өтінім иесінің табысының дәлелі ретінде ресми кірістерден бөлек, оның банктік есепшотына немесе картасына соңғы 6 айда түскен түсімдерді қабылдайды. Яғни осы бір заңдылық мүгедектігі бар жандардың төлем қабілетін анықтауына ықпал етеді. Бұл басқа он екі мүшесі бар азаматқа да тән заңдылық. Несие рәсімдеу кезінде еш алалап, бөле жару жоқ. Бұл жерде бәрі заң аясында қарастырылған. Алайда  мүгедектігінің болуы немесе өтінім берушінің зейнетақы аударымдарының жоқтығы, сондай-ақ орта немесе жоғары білімінің, еңбек өтілінің болуы секілді басқа да осындай себептермен несие беруді шектеуге және бас тартуға жол берілмейді» деп жауап берді.

Сондай ақ несие алуда мүгедектігі бар жандардың жұмыспен қамтылуы да маңызды. Елімізде І топтағы және ІІ топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. Еңбекпен қамту кезінде оларға қандай да бір артықшылықтар қарастырылғанымен жалақымен қамту кезінде төмендету қарастырылмаған. Олардың  жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге берілуі заңмен белгіленген. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектігі бар жанның келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда ғана жол беріледі. І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдарынан мерзімсіз босатылады. Бұл жұмыс берушіге де берілген бір мүмкіндік. Көп жағдайда жұмыс берушілер осы бір артықшылық үшін мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтуға тырысады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өзінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Атап өтер жайт, елімізде жыл өткен сайын жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар жандардың саны артып келеді. Тіпті кейбір Халыққа қызмет кқрсету орталықтары секілді көпшілік орындарда мүгедектігі бар жандардың қызмет көрсетуі қалыпты жағдайға айналған. Яғни мемлекет тарапынан оларға қызметкерлерінің белгілі бір бөлігі мүгедектігі бар жан болуы қажет екені міндеттелген. Бұл да болса оларды жұмыспен қамтуға мемлекет тарапынан жасалған бір мүмкіндік. Әрине жұмысы бар жанға несие рәсімдеу жеңілірек.

Қазіргі таңда несие рәсімдеп кәсібін дөңгелетіп, несие алып той жасап, қуанышыңды бөлісу өміріміздің бір бөлігіне айналды. Осындай кезеңде мүгедектігі бар жандардың өз құқығын пайдаланып, несие рәсімдеу кезінде алалаушылыққа жол берілмегені көңіл қуантады.

Шыны керек қазір мүгедектігі бар жандар жұмыс та істеп, көлік те жүргізіп, тіпті өмірге бала да әкеліп жатыр. Инклюзивті қоғам құруға талпынған елімізде барлық мүмкіндіктер мен қажетті жағдайлардың мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді болғаны тиімді. Жалпы елімізде жыл санап мүгедектігі бар жандарға берілетін мүмкіндік пен жағдай жақсарып келеді.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....