Мопедтерге қатысты өзгеріс: иелері не білуі керек?

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін заңнамалық өзгерістер күшіне енеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы күннен бастап мопедтерді пайдалану тек оларды полицияда тіркеуден өткізгеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда, техникалық тексерістен өтіп, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған соң ғана рұқсат етіледі.

Мопедті тіркеу үшін тұрғындар өз тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгінуі қажет:

  • жеке басты куәландыратын құжаттарды (электрон түрде де ұсынуға болады), мопедтің техникалық құжаттарын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді тапсыру;
  • өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізу және мопедті мемлекеттік тіркеу үшін 0,25 АЕК (983 тг); тіркеу куәлігін алу үшін 1,25 АЕК (4 915 тг); мемлекеттік нөмір алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг) төлеу.

«2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқару заңмен тыйым салынатынын ескере отырып, ІІМ мопед иелерін оларды алдын ала тіркеуден өткізуге, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарды мопед жүргізу құқығын алу үшін автомектептерде оқуға шақырады», — деп жазылған хабарламада.

ІІМ мопедтерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін алуды кейінге қалдырмауға кеңес береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.