Мопед тізгіндегендерге жаңа тәртіп: заң күшейді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі құжатқа қол қойғаннан бері жарты жыл өтті. Енді бұл түзетулер ресми түрде күшіне енді. Енді мопед жүргізушілері де көлік иелерімен бірдей жауапкершілік арқалайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап мопед иелеріне бірқатар талаптарды орындауға тура келеді. Интернет кеңістігінде бұл күнді «мопед жүргізушілерінің террор дәуірінің соң» деп те атап жатыр. Енді кез келген мопед жүргізушісі мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • көлігі тіркелген болуы тиіс;
  • жүргізуші куәлігі болуы керек;
  • сақтандыру полисі болуы қажет;
  • техникалық байқаудан өтуі тиіс;
  • қорғаныс дулығасы (шлем) болуы міндетті;
  • мопедтің техникалық жағдайы жарамды болуы керек.

Мопед жүргізушілері қандай жағдайда жазаланады?

Жаңа талаптар күшіне енген соң, мопед жүргізушілері енді жол ережесін бұзғаны үшін жазадан құтыла алмайды. Енді мынандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл мен жаза қарастырылған:

  • мас күйінде көлік жүргізу (15 тәулікке қамақ және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыру);
  • жүргізуші куәлігі болмаса немесе бұрын құқығынан айырылған адам көлік басқарса;
  • жылдамдықты арттыру;
  • қауіпті маневр жасау немесе қарсы жолаққа шығу;
  • қызыл жарыққа өту;
  • жаяу жүргіншілерге жол бермеу;
  • жол белгілерін, сызықтарын, қиылыстан өту ережелерін бұзу;
  • рұқсат етілмеген жарық немесе дыбыс сигналдарын пайдалану;
    апаттық жағдай тудыру.


Полицияның нақтылауынша, барлық бұзушылықтар автоматты тіркеу камералары арқылы жазылып отырады, сондықтан жауапкершіліктен қашып құтылу мүмкін емес.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 12 айында республика аумағында мопедтердің қатысуымен 1 819 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза тауып, 1 945 адам жарақат алған. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында мопед қатысқан 103 жол апаты тіркеліп, 2 жасөспірім қаза тауып, 105 адам жарақат алған.

«Бұған дейін мопед жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 АЕК көлемінде айыппұл төлесе, енді 5 сәуірден бастап олар механикалық көлік құралын жүргізетін тұлғалармен тең дәрежеде толық жауапкершілік арқалайды», – деді ІІМ өкілі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.