Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар Молықбай Байсақұлының есімі бүгінгі таңда көп жағдайда тек музыка саласында ғана айтылады. Ал оның ақындық, бақсылы қ, жыраулық өнері әлі күнге дейін зерттеушілер назарынан тыс қалған.
Молықбайдың бойындағы қобызшылық өз заманының белгілі күйшілері болған əкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібайдан дарығаны тек соңғы жылдары ғана айтылып, жазылып жүр. Өнер зерттеушілерінің Молықбай Байсақұлына қобызшылығына назар аударуына түрткі болатын дүние əлі күнге дейін тек Ілияс Жансүгіровтің «Күй» деген поэмасы болып отыр. Қобызшы – Молықбай шал Матайдағы, Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы. Қазақта қобызшының қалғаны сол, Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, – дегенді əйгілі ақын жайдан-жай айтпағанына қазір зерттеушілердің де көзі жеткен. Өйткені Қорқыттан бастау алатын қобызбен орындалатын күй өнерінің тарихында бұл салада Ықыластан кейінгі ең көрнекті тұлға ретінде қазіргі кезде Молықбайдың аты аталады. Сондықтан Жетісу облысының Жансүгіров ауылында əйгілі өнер иесіне ескерткіш қойылады екен деген хабарды естігенде ұлттық мəдениеттің жанашырлары бірден елең еткені анық. Өйткені бұл мəселе соңғы 30 жылдан бері көтеріліп жүргеніне қарамастан, əлі күнге дейін ол ұсыныс күйінде қалып келе жатқан болатын. 2007 жылы мамыр айында Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мəдениет сарайында Молықбай Байсақұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық конференцияда ҚазҰМА профессоры Раушан Мұсақожаева: «Қорқыт күйлері əлі тірі. Қойлыбай, Молықбай, Ықылас сияқты қобызшылар оның күйлерін халыққа жеткізе білді. Молықбай – қобызшы Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасының жалғастырушысы. Біз Молықбайды өз көзімен көріп, оның күйлерін тыңдап, «Күй» поэмасын жазған Ілияс ағамызға алғысымызды айтамыз. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы осы Молықбай Байсақұлы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Өнер өшпейді. Молықбай ол Паганини сияқты дүлдүл дарын иесі. Паганиниге ескерткіш орнатылған. Елі оны құрметтейді. Ал қобызшыға ескерткіш орнатылмаған. Бұл өкінішті», – деген еді. Енді «ештен кеш жақсы дегендей» бұл олқылықтың орны толғалы отыр. «Ескерткіш Жансүгіров ауылында Молықбай атындағы мəдениет үйінің алдына қойылады. Биіктігі 2,5 мектр болатын малдас құрып отырған атамыздың бейнесі қоладан жасалады. Ал астындағы тұғырының биіктігі 1,9 метр болғалы отыр. Оны Дарын Даниярұлы басқаратын Данияр Нұрбаев атындағы қор қаржыландырып отыр. Ескерткіш 2026 жылы наурыз не мамыр айында қойылады деп жоспарланып отыр. Қазір оның гипстегі нұсқасы дайындалып жатыр. 150 жылдығы қарсаңында Молықбайға Талдықорғанда көше аты берілген. Ал аудан орталығында əлі күнге Молықбай Байсақұлы атында көше жоқ. Молықбайдың қобызы мен тұрған ауылда болды. Молықбай атамыздың жалғыз ұлы Тілеубек 1942 жылы соғыста қайтыс болған. Оның шаңырағында қалған қобызды атамыздың келіні Адасқан деген апамыз сақтап келген. Кейін Адасқан апамыздан Молықбайдың қобызын Талдықорған педагогикалық институтының ректоры болып тұрғанда Мырзатай Жолдасбенков Үлгілі ауылына барып, сұрап алып Ілияс Жансүгіровтың əдеби музейіне тапсырған. Оған реставрацияны Қазақбаев деген жігіт жасап, інісі Молықбайдың 150 жылдық мерейтойында алғаш рет күй ойнады», – дейді Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында тұратын «Бөрібай батыр» қорының төрағасы Берікбол Тасымов ақсақал. Берікбол Төлегенұлының айтуынша, бұл шара 2028 жылы туғанына 170 жыл толғалы отырған Молықбай Байсақ ұлының мерейтойына дайындықтың басы болғалы отыр.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»