Мобильді аударымдарды тексерудің жаңа түрі іске қосылды

Енді жеке тұлғаның есепшотына үш ай үздіксіз 100-ден аса аударым түсіп, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, мониторингке ілігеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал күмәнді шот иелеріне салық органдарының хабарламалары 15 сәуірден бастап жіберіледі. Оған дейін екінші деңгейлі банктер мәліметті жинақтайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дегенмен алыс-жақын ағайын арасындағы алыс-беріс, қарызды қайтару және тұрмыстық есеп айырысулар есепке алынбайды.

«Мәліметті алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге талдау жүргізеді. Талдау жүргізу барысында кәсіпкерлік мақсаттағы салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі. Хабарлама жіберілгеннен кейін салық төлеушілерде 30 жұмыс күні болады. Бұл күндер хабарламаны орындауға немесе түсініктеме беруге арналған. Ол қосымша салық есебін ұсыну арқылы орындалады. Хабарламамен келіспеген жағдайда түсініктеме берумен орындалады», — деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Ерлан Дәулетбаев.

Ал жеке тұлғалар кірісін көрсетпей кәсіп істегені анықталса, 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, сондай-ақ, төленбеген салық сомасының 200 пайызына дейін айыппұл салынады. Алайда бұл тек тексеріс пен түсіндіру кезеңінен кейін жүргізіледі. 

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.