12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әміржан Қосанов президент сайлауына тағы да қатысуға ниетті екенін мәлімдеді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында биыл президент сайлауын уақытынан бұрын өткізетінін мәлімдеді. Президенттің осы ұсынысынан кейін саясаткер Әміржан Қосанов саяси науқанға қатысуға дайын екенін өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой», – деп жазды Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда саясаткер 2019 жылы барлық ресми процедурадан өтіп, президенттікке үміткер ретінде тіркелгенін еске салды.

«Мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, тағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін», – деп жазды Әміржан Қосанов.

Айта кетcек, 2019 жылғы президенттік сайлауға Қосанов сайлаушылардың 16,23 процент дауысына ие болған. Бұл Тоқаевтан кейінгі екінші нәтиже еді. Сол кезде Қосановқа 1 495 401 адам дауыс берген.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға да реформа енгізуді ұсынып отыр. Ол бұрынғы жүйені толық жойып, президенттік мерзімді 7 жылға созу, бірақ бір адам тек бір-ақ рет президент болу қажеттігін айтты.

Уловки преступников 

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК ИЛИ СООБЩЕНИЕ, ПОСТУПАЮЩЕЕ ОТ ИМЕНИ «СЛУЖБЫ БЕЗОПАСНОСТИ...

Социальные науки и устойчивое будущее

НА ФАКУЛЬТЕТЕ ФИЛОСОФИИ И ПОЛИТОЛОГИИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ ПРОШЛА...

Дербес кассациялық соттарды құру

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту және азаматтардың құқықтарын қорғау...

Цифровой кодекс – как следствие прогрессивного общества

Любая масштабная реформа начинается с определенной концепции. Концепция Казахстана...

Регион туризма и гостеприимства

Акмолинская область имеет уникальные и неповторимые курортные зоны, заповедники,...