Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқауы өтеді.
Қазан айының 17-ші күні, саған 15.00-де филармонияның Үлкен залының фойесінде Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының баспасөз-конференциясы өтетінін хабарлаймыз.
Спикерлер:
• Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұйымдастыру алқасының төрағасы;
• Жанпейісов Нұржан Қабимоллаұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары
байқауының гран-при иегері,
Қазылар алқасының төрағасы;
• Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазылар алқасының мүшесі;
• Амангелді Ұзақбайұлы Күзеубай — Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторясы халық музыкасы факультеті, халық әндері кафедрасының меңгерушісі, доцент,
Қазылар алқасының мүшесі.
Әмре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың бағы мен бабын сынайтын ең жоғарғы деңгейтеді ән додасы болып есептеледі.
Бұл байқау ең алғаш 1980 жылы бастау алған. Бүгінгі сахнада өнер көрсетіп жүрген ән өнерінің саңлақтары –М. Мүкаманов, С.Жанпейісова, С. Оспанов,Ғ.Мұхамедин, Б.Үдербаева, Д.Өмірәлиев, А.Қосанова,Е.Айтбаев, Е.Шүкіманов, Р.Стамғазиев, Е.Рысқали т.б. аталмыш байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болып,ән өнерінің дамуына үлкен үлестерін қосып келеді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
1) қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін дамыту үшін жағдай жасау, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуде рөлін күшейту;
2) орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, қазақстандық патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
3) ән өнеріндегі ұрпақ сабақтастығын жалғастыру.
Байқау 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында өткізіледі.
Шараға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының дәстүрлі әншілері қатыса алады.
Байқаудың өтуі және қорытындысын шығару 2022 жылдың 19 қазанында өтеді. Қатысушылардың өнер көрсету тәртібі жеребе тастау арқылы белгіленеді.
Гран-при иегерлері, жеңімпаздар мен Байқау лауреаттарының қатысуымен Гала-концерт 2022 жылдың 19 қазанында сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филамониясының Үлкен залында өтеді.
Байқауға қатысу шарттары, қоятын талаптары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының интернет-ресурсында орналастырылды.
Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы
E-mail: philarmon@mail.ru
Сайт: www.fil.kz
Инстаграм: kazakh.philharmonic
Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла
Телеграм: Филармония им.Жамбыла