12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мінсіз судья — қоғамның айнасы

Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Елбасының өзі «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі – мінсіз және тиімді сот жүйесі. Тәуелсіз және әділ сот – кез келген мемлекеттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерінде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулет­тілегі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес», – деп атап өткен болатын. Сондықтан сот жүйесінің дамуымен қатар судьялардың да жүйеге сай болуы қоғам талабы болды десек қателеспейміз.

Осы орайда Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, «Сот жүйесінің жеті түйіні» деп аталатын негізгі жеті басымдылықты айқындап берген болатын. Қойылған бірінші міндет — «мінсіз судья» қалыптастыру болып табылады. Жалпы мінсіз судья қалыптастыруға еліміз кешенді түрде жылдар бойы көңіл бөліп келеді.

Соның ішінде судьялар құрамын сапалық тұрғыдан жетілдіруге ерекше мән берілуде. Ұлт жоспарының 19-қадамында судьялардың есеп беру тәртібін күшейтіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасақтау мәселелерін міндеттелген болса, Әдеп кодексінде судьялар жауапкершілігі одан әрі арттырылған болатын. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етіп, соттардың беделі мен мәртебесін көтеруге қызмет етті.
Әділ сот билігін атқаруға құзыреттілік берілген кешегі өткен билер де, қазіргі судьялар да халықтың мұң­мұқтажын, талап ­тілегі мен шағым­ өтініштерін тыңдап, шындықтың жағын жақтап, өзі өмір сүрген қоғамының әділдік ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерекшеліктеріне қарай заңдарды, елдің салт­дәстүр, жөн ­жоралғыларын жақсы біліп қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қабілетімен ғана емес, жеке бастарының қадір ­қасиетімен де үлгі­ өнеге көрсете білуі талап етіледі. Мемлекеттік биліктің жоғары лауазым иелері – судьялар бүгінде өздеріне берілген зор құзыреттілікті адал атқара отырып, моральдық ­адамгершілік келбетіне қылау түсірмес үшін белгілі бір шектеулер мен міндеттемелерді де жауапкершілігіне алған. Судья әдебінің кодексі кәсіби әдеп өлшемдерінің жиынтығы ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда және соттан тыс қызметтегі мінез ­құлықтың судья үшін міндетті қағидаларын белгілей отырып, сот және судья әдебі нормаларын бұзу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай ­ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез­ құлықтың кәсіби әдептік стандартын айқындайды. Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы алатын орны маңызды. Олар өз қызметі арқылы азаматтардың бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын, елдің заңдарын құрметтеу сезімін қалыптастырып, заңның үстемдік принципін орнықтыруға тиіс. Сонымен қатар, қандай жағдайда болсын сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауға және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой ­беделіне нұқсан келтіреті және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болып, кәсіби беделі күмән тудырмайтындай мінез-құлықты ұстануы қажет. Қоғамдық пікір, судья қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс. Яғни Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов мырза атап өткендей «Судья – абыройлы лауазым. Кез-келген заңгердің ең биік шыңы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заңдылықты жоғары  деңгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны «сөйлейтін заң» деп жайдан-жай айтпаса керек» деуі бекер емес. Судьяларымыз жыл өткен сайын шыңдалып, сот айнасына айналуда.

Ең бастысы, қазыларымыз ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайту үшін қажетті шараларды жүзеге асыруы қажет. Бұдан халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған, ең тұрақты қоғам құру қажеттілігі туындайды. Біздің мақсатымыз да дәл сондай қоғам құру болып табылады. Осы орайда судьяларымыз қоғам айнасы екенін ұмытпауымыз керек.
Д.Н.Маукеев, Алматы қалалық Медеу аудандық №2 сотының төрағасы

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...