12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Министрліктер ЖРВИ-ге байланысты қашықтан оқытуға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі ЖРВИ және тұмау көбейген жағдайда оқушылар қашықтан оқыту формасына көшуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсынысты қолдамады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, ЖРВИ мен тұмау ауруы көбеюі оқушылардың қашықтан оқуына көшуіне себеп болуы мүмкін.

«Бір инкубациялық кезең ішінде сынып санына байланысты бір сыныпта 20-дан 30 пайызға дейін оқушылар ЖРВИ жұқтырған жағдайда жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесін жою, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады. Эпидемия процесіне ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың жалпы саны 30 пайыз және одан көп болған жағдайда бір инкубациялық кезең ішінде оқушыларды онлайн-оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады», — деді Комитет өкілі.

Санитария дәрігерлерінің сөзінше, бұған дейін мектеп оқушылары тек коронавирус өршуіне байланысты онлайн оқуға көшкен. Тұмау мен ЖРВИ алғаш рет оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыруға себеп болуы мүмкін.

Оқу-ағарту министрлігі сыныптарда ЖРВИ өршіген кезде оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру туралы ұсыныспен келіспейтіндерін хабарлады.

«Әлемде мектептерді бірінші болып ашу, соңғы болып жабу қалыптасқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толық сапалы білімі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Оқу-ағарту министрлігі онлайн оқыту бойынша ұсынысты қолдамайды», — деп түсіндірді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі өкілінің басшысы Роза Қожанова эпидемия маусымы басталғаннан бері Қазақстанда ЖРВИ жұқтырған 764 247 жағдай тіркелгенін мәлімдеген еді.

Защита прав граждан – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Учёба в КазНУ: сочетание традиций и инноваций

Это крепость знаний и мост к будущему. Это живая...

QS 2026: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ –КӨШБАСШЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS Quacquarelli Symonds...