Министрлік утильалымға қатысты мәлімдеме жасады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утильалым, атап айтқанда оның автомобиль өнеркәсібі дамуына әсері туралы мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, утильалымы мен бастапқы тіркеу жарнасы мәселесі қызу пікірталастарға ұласты.

«Утильалымы 2016 жылы енгізілген. Содан бері утильалымы дау-дамайға айналып, мұнда бір жағынан экологиялық тұрақтылық пен қазақстандық автомобиль өнеркәсібін дамытуға ұмтылу, екінші жағынан – отандық экономикаға зиян келтіру қаупінің туындау мүмкіндігін ескеру қажет», — делінген хабарламада.

Отандық көлік паркінің жаңаруына бірінші кезекте утиль алымы мен бастапқы тіркеу алымын төлеудің енгізілуі айтарлықтай әсер еткені айтылды. 10 жылдан асқан көліктердің саны азайып, өз кезегінде жасы 3 жылдан аз көліктердің үлесі артты.

«Бұл фактор жол қауіпсіздігінің жақсаруына әкелді. 2022 жылы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шекті, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 8,9 пайызға өсті. 2023 жылдың қарашасында 13,2 мың тіркелген болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмен.

Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстанға 350 мыңнан астам ескі көлік әкелінді, бірақ отандық автомобиль өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіштері 20 пайызға, ал сатылымдар 40 пайыздан астам болды. Былтыр сатылған көліктердің көрсеткіштері 30,2 пайызға, ал шығарылғандары 60,2 пайызға өсті, бұл қазақстандық автомобиль өнеркәсібі тарихындағы ең жақсы нәтиже деп атауға болады. Бұл көрсеткіштер жаңа автокөліктерге сұраныстың артқанын ғана емес, сонымен қатар ішкі нарықтың даму әлеуетін де көрсетеді».

Сонымен қатар, қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің дамуындағы оң тенденция ірі көлік компанияларымен және автомобиль бөлшектерін шығаратын кәсіпорындармен бірлесе отырып, нарықты қажетті материалдармен ғана емес, жұмыс орындарымен, сонымен қатар жаңа өнімдермен қамтамасыз ететін жаңа зауыттардың ашылуымен де қолдау көрсетіп жатыр.

«Автокөлік паркін жаңарту тек жол қауіпсіздігіне ғана оң әсер етіп қоймайды, ол қауіпсіздік жүйесі жақсырақ көліктерді таңдау мүмкіндігін беру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға деген ұмтылысынан көрінеді.

Нәтижесінде, ішкі нарықта өндірісті ынталандыра отырып, экологиялық таза автомобильдерге кезең-кезеңімен көшу саясаты утиль алымымен және бастапқы тіркеумен расталған оңтайлы шешім».

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.