12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Министрлік күнбағыс майы неге қымбаттағанын түсіндірді

Қазақстандықтар күнбағыс майының қымбаттағанын, кейбір қалада тіпті 1000 теңгеге жеткенін айтып шағымданды. Сауда және интеграция министрлігі бағаның өскенін растады, ведомство өкілі мұның себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде сұйық май қымбат екеніне шағымданып жатыр.

«Қазақстанда күнбағыс майының бағасы көтерілді. Кей өңірде литріне 1000 теңгеден аса сұрайды. Сатушылар әр апта сайын баға өсетінін айтады. Жеткізушілер наурызда ең қажет өнімдер құны өсуі мүмкін дейді. Неге олай?» — деп жазды қазақстандық.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі ресми сауалымызға жауапта күнбағыс майының бағасы қымбаттағанын растады.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы күнбағыс майы 36,8 пайызға қымбаттаған. Жыл басынан бері 16 ақпандағы жағдай бойынша, күнбағыс майының бағасы 5,5 пайызға өсті. Негізгі себеп — былтыр әлемдік бағаның 53,8 пайызға өсуі», — делінген министрлік хабарламасында.

Күнбағыс майы барлық өңірде қымбаттаған.

«Бағасы ең көп өскен Шымкент — 17,4 пайызға (620 теңге), Талдықорғанда — 9,9 пайызға (620 теңге), Атырауда — 9,2 пайызға (700 теңге), Ақтөбеде — 8,8 пайызға (605 теңге) және Таразда — 8 пайызға (567 теңге)», — деп толықтырды министрлік өкілі.

Дыхание искусства

ВЫСТАВКА С ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ОТКРЫЛАСЬ В АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОМ...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

Эскалация конфликта

СИТУАЦИЯ В ИРАНЕ И ВОКРУГ НЕГО ПОСЛЕ ГИБЕЛИ ВЕРХОВНОГО...

Театр иллюзий: мечты и реальность 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В АЛМАЛИНСКИЙ СУД Г. АЛМАТЫ...

Трагедия в Щучинске: один хлопок – семь жизней 

ОБЫЧНАЯ СМЕНА В ОДНОМ ИЗ КАФЕ ГОРОДА ЩУЧИНСК АКМОЛИНСКОЙ...