Министрге жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналист министрге «Қазақстанда бірде-бір министр үлгі көрсетіп автокөлік иелеріне көрсетілетін отын мен сервис сапасын тексеру үшін жанармай станцияларын тексерген жоқ. Сіз өзіңіз сондай тренд қалыптастырып, жеке өзіңіз ең болмаса астанадағы жанармай станцияларын тексеруге дайынсыз ба?» деп сұрақ қойды. 

Болат Ақшолақов әріптестерімен бірге барып тексеруіне болатынын айтты. 

«Бірақ, өкінішке қарай, заң бойынша бізде ондай құзырет жоқ. Оған жауапты Техникалық реттеу және метрология комитеті бар. Яғни біз айтып отырған жұмысқа сол комитет уәкілетті. Бірақ қаласаңыздар, комитетпен бірге барып, тексерсек болады», — деді министр ОКҚ брифингінде.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...