12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Министр ЖОО-ға гранттарды бөлу жүйесін өзгертуді ұсынды

Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқуға грант бөлу жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство басшысы білім гранттарының жетіспеушілігі мәселесіне тоқталып, жаңа шешімдер ұсынды.

«Біз екі үлкен жүйелі дүниені ұсынамыз. Біріншісі, гранттарды саралау. Иә, гранттар санын көбейтіп жатырмыз. Биыл гранттар саны былтырғымен салыстырғанда 19 пайызға өсті, келесі жылы да көбейеді. Бірақ бәрібір әлі де жеткіліксіз. Сондықтан гранттардың бәріне 100 пайыз емес, 100, 75, 70, 50 пайыз грант (оқу ақысының пайызы — авт) болатындай етіп саралауды ұсынбақпыз», — деді министр Нұр-Сұлтанда өткен форсайт сессиясында.

Сонымен қатар, Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі механизмін қайта іске қосу жоспарлары туралы айтты.

«Сонымен қатар, МБЖЖ механизмін және білім беру несиесі механизмін қайта іске қосып жатырмыз. Өйткені грантқа ілінбеген адамдарға да мемлекеттен көмек алып, оқу ақысын бөлуге мүмкіндік беруіміз керек», — деп түсіндірді ол.

Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер...

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...