Министр жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатынын айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өзіміздің автоөндіріске назар аударамыз, сондықтан қазір бағаны тұрақты ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие деп автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады дегенді айтып отырмыз. Бірақ көлікті одан да қымбатқа сатып алуға құқығыңыз бар, бірақ айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлейсіз. Сәуірдің аяғына қарай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын, 4 пайыздық жеңілдікпен несие беру болады», — деді министр үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, ол азаматтардың көлік бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығы туралы пікір білдірді.

«Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады», — деді Өскенбаев.

Таза судан бастап жаңа әуежайларға дейін: Қазақстанға қайтарылған активтер халықтың өмірін қалай өзгертуде?

Бір кездері Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат елге қайтарылып, игілікті...

КОДЕКС ЧАСТНОГО ПРАВА: КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯ СПРАВЕДЛИВОСТИ

Разработка нового Гражданского кодекса Республики Казахстан направлена на реализацию...

АҚПАРАТТЫҢ БƏРI ҚОЛЖЕТIМДI БОЛҒАНЫ ДҰРЫС ПА?

Жария басқару органдарының жұмысы ашық, қоғам қабылданып жатқан шешімдерден...

Құқықтық сауаттылық – өркениетті қоғамның белгісі

Қоғамның өркениеттілігі тек экономикалық дамуымен немесе технологиялық жетістіктерімен ғана...