Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында кезекті эксперимент жүргізген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
«Операторлардың жұмысын бақылап тұрмын. Операторлар бірдеңені талқылап жатыр. Тұрғандар керекті анықтамаларын тез алғандарына мәз», — деп жазды Бағдат Мусин Instagram-да.