Министр грантқа ілікпегендерге үндеу жасады

Бұл ретте 77 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы білім бәйгесінде бақ сынап, жауапты межені еңсергендеріңізге қуаныштымын! Сіздердің білімге деген талпыныстарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз және асқақ армандарыңыздың тоғысқан сәтіне куә болып, тамсана түстік. Өзімнің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан құттықтаймын!

Әр адам өмірінде түрлі асулардан өтеді. Кейде үлкен жетістікке жету үшін кішігірім сынақтардан сүрінбей өту қажет болады.

Егер сіз биыл мемлекеттік білім грантына іліге алмаған болсаңыз – бұл үміттің үзілгені емес! Грант – тек бір мүмкіндік. Ал сіздің бойыңыздағы талап, білімге деген құштарлық пен табандылық – нағыз жетістікке бастар басты күш. Мақсатына сенген адам ешқашан жарты жолда қалмайды.

Айта кетейін, биылғы конкурсқа өтініш берушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды. Алайда, бүгінгі таңда білім алуға мүмкіндік беретін бір ғана мемлекеттік грантпен шектеліп қалуға болмайды. Сізге қолжетімді өзге де гранттар мен жеңілдіктер бар. Олар:

Университетішілік ректор гранттары

– белсенді, оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы ескерілген талапкерлерге оқу орындары тарапынан берілетін арнайы гранттар. 2025 жылы мұндай гранттардың жалпы саны 2 000-нан асты. Мысалы, «Тұран-Астана» университеті негізгі ҰБТ-дан 100-ден астам бал жинап, «Алтын белгі» иегері атанған талапкерлерге 4 жылдық ректорлық гранттар ұсынады. Ал Халықаралық туризм және меймандостық университеті 680 мақсатты грант бөліп отыр.

Жергілікті әкімдік гранттары

– әлеуметтік аз қамтылған немесе сұранысқа ие мамандық иелерін дайындау мақсатында облыстық, қалалық әкімдіктер бөлетін білім гранттары. Мысалы, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 1 700-ден астам білім грантын бөлді.

Жұмыс берушілердің арнайы гранттары

– Бұл гранттар жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде ұсынылады және болашақ мамандарды жұмыспен қамту мақсатын көздейді.

Жеке демеушілер мен қорлардың гранттары

Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 500 грант ұсынады, «KAZENERGY» қауымдастығы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен инженерия, IT, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша оқуға төлем жасауға қолдау білдіреді, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Murager» білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, ауылдық жерлерден шыққан жастарға уран өндіру мен өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, энергетика, экология және ғылым салаларымен байланысты бағыттарда гранттар ұсынады.

Сонымен қатар кейбір талапкерлер гранттан бас тартуы мүмкін, осы кезде мүмкіндік келесі жоғары бал жинаған талапкерлерге беріледі немесе ақылы бөлімде оқуды бастап, кейінгі оқу кезеңінде оқу үлгеріміне қарай бос грантқа өтуге мүмкіндік бар.

Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.

Бастысы – мақсаттан таймау, мүмкіндіктерді зерттеп, әрекет ету. Сіздің арманыңыз – сіздің болашағыңыз. Ол жолда қолдау мен мүмкіндік әрдайым табылады! Еліңіз үміт артқан Сіздердей жастың болашағы жарқын боларына сенеміз!

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...