Метапневмовирустың өршуі: қазақстандықтарға дәрі-дәрмек жете ме?

«СК-Фармация» ЖШС қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар, мысалы, антипиретикалық препараттар, кең спектрлі бактерияға қарсы препараттар, аралас бактерияға қарсы агенттер, селективті агонистер тобынан бронходилататорлар және басқалар. Науқастар саны артып, медициналық инфрақұрылымға жүктеме артқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор өңірлердің сұраныстарына жедел ден қоюға дайын», — деді «СК-Фармация» ЖШС өкілі.

Сондай-ақ компанияда азаматтардың денсаулығын қорғау үшін медициналық құралдармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге дайын екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты түсініктеме берген болатын.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...