Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ДДСҰ басшысының сөзін Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто жеткізді. Ол Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы сөйлескен.

«Мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, менің бұрынғы жақсы әріптесім әрі досым Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңес өткіздім (…) Менің досым Тедрос соңғы бірнеше күн мен апталарда тараған қорқынышты жаңалықтарға қатысты мені тыныштандырды және қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екеніне сендірді. БАҚ-та кең талқыланған вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс, және ол әдетте қыс айларында бірнеше рет пайда болады», – деп жазды Петер Сийярто Facebook-те.

Метапневмовирус туралы не белгілі

Адамның метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінің қабынуын тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландыда анықталды, бірақ кейбір деректер бойынша, ол 1950-жылдардан бері адамдар арасында айналымда болған.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...