МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН САЙЛАУ ӨТКІЗУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?

Economist Intelligence Unit британиялық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің демократия индексі бойынша рейтингін жариялайды. Онда сайлау процесі және плюрализм, үкімет қызметі, саяси қатысу, саяси мәдениет, азаматтық бостандық деп аталатын бес негізгі категорияда 60 көрсеткіш сарапқа салынады. Биыл ақпанда жарияланған 2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан демократия деңгейі жағынан 167 мемлекеттің арасында 128 орын алды.

Норвегия, Жаңа Зеландия, Финляндия елдері көш бастаған рейтингте көршілес Қырғызстан – 115, Ресей – 124, Әзірбайжан – 141, Қытай – 148, Өзбекстан – 150, Иран – 154, Түрікменстан – 164 орында тұр. 10 жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2011 жылдың желтоқсанында жарияланған рейтинг бойынша Қырғызстан – 107, Ресей – 117, Қазақстан – 137, Әзірбайжан – 140, Қытай – 141, Иран – 159, Өзбекстан – 164, Түрікменстан – 165-сатыда болатын. Онда зерттеу нысаны болған елдердегі билік жүйесінің үлгісі – толық демократиялы, демократиясы жеткіліксіз, гибридтік жүйе, авторитарлық жүйе деген 4 дәрежеге жіктеледі. Мұнда билік жүйесі гибридтік деп бағаланған Қырғызстаннан өзгелер авторитарлық деп сараланған. 2019 жылы 19 наурыздағы халыққа үндеуінде Н.Назарбаев: «Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады. Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады. Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген.

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады» деген еді. Соған сәйкес Қ.Тоқаев 2019 жылғы 9 сәуірдегі үндеуінде: Конституцияға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешімін жариялады. Ал 12 маусымда Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде: «Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында, нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды» деп сайлауалды платформасын жүзеге асырудағы нақты жоспарындағы 10 негізгі бағытты атап көрсетті. Олар: халықтың табысын арттыру; сыбайлас жемқорлықты жою; Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау; жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту; тұрғын үй мәселесін шешу; әділетті әлеуметтік саясат; өңірлерді дамытудың жаңа бағдары; «Рухани жаңғыру» құндылықтары; сыртқы саясат, жастарды қолдау. Конституция бойынша Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс болатын. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында: биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі» дегенді айтты. Егер Қ.Тоқаев билігі кезінде Қазақстанның демократия деңгейі өзгеріссіз 128 орында болғанын ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы жылы да тұрақты боларына әзірге сенім аз. Өйткені, жыл басында елде орын алған «қаңтар қасіретінен» кейінгі жағдай мен мерзімінен бұрын өтетін сайлаулар елдегі демократия мен адам еркіндігі деңгейіне де өз әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, американдық Катон институты, канадалық Фрейзер институты мен германиялық Фридрих Науманн қоры жариялайтын Адам еркіндігі индексінің 2020 жылғы рейтингінде 162 мемлекеттің арасында Қырғызстан – 70, Қазақстан – 75, Ресей – 115, Әзірбайжан – 116, Қытай – 129-орында болды. Ал 2021 жылғы наурызда жарияланған Freedom House ұйымының Саяси және азаматтық еркіндік рейтингінде 209 мемлекеттің ішінде Қырғызстан – 159, Қазақстан – 167, Ресей –172, Өзбекстан –189, Әзірбайжан –193, Қытай –194, Түрікменстан – 207-орыннан көрінді. Әрине бұл жағдай елдің тұрмыс-тіршілігінде айқын аңғарылмағанымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы абыройы мен беделіне өз әсерін тигізері күмәнсіз.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор:

– Мерзімінен бұрын өтетін Президент пен Парламент сайлауы елдегі демократия деңгейі бойынша рейтингтегі көрсеткішімізді жақсартады деуге сену қиын. Заң талабының сақталмауын елдегі демократияның мимикасы деген жөн шығар. Қазір бізде ешқандай соғыс не жұт болып жатқан жоқ. Сондықтан бейбіт өмір кезеңінде оны мерзімінен бұрын өткізу демократияға қарсы негативтік құбылыс. Оған бізде ешқандай қажеттілік жоқ. Мемлекет басшысы айтып жүрген «Әділетті Қазақстан құру» үшін сайлау өз уақытында өтіп, оған дейін Президент өзінің 2019 жылғы сайлаудағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттар бойынша жұмысының нәтижесін көрсетуі қажет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»


Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.