Меркель Германияда коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтты — БАҚ

Германия канцлері Ангела Меркель парламенттік фракция отырысында Германияда індеттің үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды DW.

«Біз коронавирустың үшінші толқыны келгеніне көз жұмып, қарап отыра алмаймыз», — деді ол RTL телеарнасында.

«Сонымен қатар, Меркель егер Германияда коронавирус инфекциясының «Оңтүстік Африка» мутациясы таралса, қолда бар вакциналар тиімділігі жеткіліксіз болады деген қауіп барын айтты. Осыған байланысты ол коронавирустың жаңа мутациялары пайда болуынан сақтану үшін локдаунды жеңілдетуден аулақ болуға шақырды», — деп жазады Reuters өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

10 ақпанда Меркель мен Германия федерал жерлері премьер-министрлері 2020 жылғы желтоқсанның ортасында енгізілген қатаң локдаунды 7 наурызға дейін ұзартуға шешім шығарған. Федерал канцлер кеңсесі бірқатар федерал штат қарсылығына қарамастан, коронавирустың жаңа, қауіпті мутацияларының тез таралуын айта отырып, осындай шешім шығарды.

Нәтижесінде шектеулер алдағы апталарда да сақталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, қонақүйлер, мейрамханалар мен кафелер, театрлар мен кинотеатрлар, фитнес-студиялар, бөлшек сауда орындары жабық күйінде қалады.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...